RU

"Коронавирусты жұқтырып алам ба" деген ойдан қалай арылуға болады: Психолог кеңесін айтты

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Белгілі алматылық психолог Наталья Санарова коронавирус адамның эмоционалды жағдайына қалай әсер ететінін айтты деп жазады Қазақпарат.

Маман алдымен коронавирусты жұқтырып алам ба деген ойды жеңу маңызды екенін атап өтті.

Оның сөзінше, біріншіден, біздің миымыз ойымызды шындық ретінде қабылдайды. Ал егер ауру туралы ойласақ, онда оның өмірде пайда болу мүмкіндігін арттырады екенбіз.

"Екіншіден, бізді аурудың қауіптілігімен қорқытып тастады. Өлімге әкелетін індет деді. Сәйкесінше, бұл адамның психикасына әсер етті.

Үшіншіден, біздің қоғамда эмоцияны жасыру, елемеу немесе басқаларды кінәлау, ауыр сөздер айту дәстүрге айналған. Бұл көмектеспейді. Сондықтан біздің эмоциямыз ауру арқылы шығады.

Төртіншіден, пандемияға байланысты адамдарда генетикалық қорқыныш күшейе бастады.

Бұрын біздің ата-бабаларымыз да осындай катаклизмдерді бастан өткерген. ХХ ғасырдың эпидемиялары, содан кейін соғыс, көптеген ауыр аурулар болған. Әрқашан мұның шешімі бар екенің, оның уақытша қиындық екенін түсіну керек. Күйзеліске ұшыраған адам міндетті түрде жақынымен сөйлесіп, ішіндегісін шығару керек. Бұл өте маңызды.

Немесе ойыңыздағының бәрін қағазға жазыңыз. Әрине, стресс иммундық жүйеге көмектеспейді. Бірақ сіз миыңызды тыныштандыра аласыз. Қазіргі уақытта дәрігерлер коронавируспен күресудің жолдарын біледі. Сондықтан, ауырып қалсаңыз да, дәрігерлерге сеніп, емделуіңіз керек. Қаншалықты эмоцияға берілсеңіз, соғұрлым денсаулығыңызға зиян келтіресіз", - деді психолог Наталья Санарова.

Еске сала кетсек, осыған дейін ресейлік маман, микробиолог Сергей Иванов неліктен барлық адам коронавирус жұқтырмайтынын түсіндіріп берген болатын.

Сонымен қатар Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова коронавирустың күтпеген салдарын атаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1887669-koronavirusty-ztyryp-alam-ba-degen-ojdan-kalaj-aryluga-bolady-psiholog-keesin-ajtty/