Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салмағы 114 келі болған әйел коронавирустан қорқып 57 келіге дейін арықтап кетті

Опубликовано:

тәжвирус өлім
Көрнекі фото: today.kz

Коронавирус инфекциясын жұқтырып, өліп кетуден қорыққан артық салмағы бар британиялық келіншек 60 келіге жуық салмақ тастаған деп хабарлайды РИА Новости.

Линкольншир графтігінің 46 жастағы тұрғыны Эмма Форрест-Лидің салмағы пандемия басталған кезде 114 келі болған. Артық салмақ COVID-19-дан қайтыс болу қаупін арттыратынын білген әйел арықтауға бекінген.

Эмма ағылшын үкіметінің пандемия туралы күнделікті есебін өзіне мотивация ретінде пайдаланған. Осылайша ол өлімнен қорқа түсіп, мақсатынан қайтпапты.

Нәтижесінде соңғы алты айда Эмма 57 келі салмақ тастаған.

"Мен салмағыма байланысты COVID-19-бен ауырып қалу мүмкіндігі жоғары болатыны айтылған мақалаларды оқи бастадым. Мен ана болғандықтан, бұл расыменде қорқынышты болды", - дейді әйел.

Эмма 2016 жылы күйеуі инсульт алғаннан кейін-ақ, өз денсаулығына бей-жай қарамау керектігін түсінген. Ол тәтті, алкоголь мен еттен бас тартса да артық салмақтан арылмай келген екен.

Еске сала кетсек, АҚШ-тың Техас штаты Даллас қаласында тұратын 35 жастағы Шавонда Брикли 157 келіден 64 келіге дейін қалай арықтағанын айтқан еді.

Сонымен бірге диетология және диетотерапия мамандары күзде арықтау үшін асқабақ таптырмас өнім екенін мәлім еткен болатын.

Ал АҚШ ғалымдарының айтуынша, пісте жемісін тұрақты түрде қолдану артық салмақтан арылуға мүмкіндік береді және қан қысымын азайтуға жағдай жасайды.

Мамандар мұндай қорытындыға ондаған еріктіге тәжірибе жүргізу барысында келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1887822-salmagy-114-keli-bolgan-jel-koronavirustan-korkyp-57-kelige-dejin-azyp-ketti/

pixel