Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолы болғыш азамат өзі жалға алған жерден құны 35 млн теңгелік алмаз тауып алды

Опубликовано:

Алмаз
Көрнекі сурет: pixabay.com

Үндістанның Мадхья-Прадеш штатында тұратын ферма иесі 6 млн рупий (шамамен 35 млн теңге) тұратын алмазды тауып алып, кенеттен байып шыға келді деп жазады toneto.net.

Жергілікті The Times of India басылымы жария еткен ақпаратқа сәйкес, қараша айында 45 жастағы Лакхан Ядав (Lakhan Yadav) кішігірім жер учаскесін 200 рупийге (шамамен 1143 теңге) жалға алады.

Жерді қопару кезінде фермер ерекше гауһар тасты байқап қалады. Ол бірден тасты арнайы мамандарға көрсетіп, оның 14,98 караттық алмаз екенін анықталғанда, қуанышында шек болмағанын жасырмады.

Сенбі күні, 5 желтоқсанда қымбат тас аукционға қойылып, алты миллион рупийге (шамамен 35 млн теңге) сатылып кеткен.

Жиендерінің өтініші бойынша ферма иесі қаражаттың бір бөлігін мотоцикл сатып алуға жұмсаса, қалған ақшаны ол балаларды оқытуға жұмсауды жоспарлап отыр.

"Мен тағы да алмаз тауып аламын деп үміттеніп отырмын. Бұл жерде әлі бірнеше ай жұмыс істеймін, мүмкін жалға алу мерзімін тағы да ұзартамын", - дейді Ядав.

Жолы болғанға дейін ферма иесінің тек велосипеді, бірнеше сиыры және екі гектар жері болған. Ер адам оны өзге аймақтарға көшіру кезінде берілген өтемақының арқасында сатып алған.

Еске салсақ, бұған дейін үйінің төбесіне метеорит құлаған көр қазушы кенеттен миллионерге айналғанын жазған едік.

Одан бөлек, Қытай көшелерінің бірінде кенеттен аспаннан ақша жауғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1888736-zoly-bolgys-azamat-zalga-algan-kisigirim-zerinen-kny-35-mln-tege-bolatyn-almaz-tauyp-aldy/

pixel