Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тікелей эфир кезінде мүлде дәм сезбей қалған ару коронавирус жұқтырған болып шықты

Опубликовано:

Ару
Фото: Inside Edition

TikTok қолданушысы Мэрин Шорт тікелей эфир кезінде мүлде дәм сезбей қалғанын түсініп, кейін өзінің коронавирус жұқтырғанын білген.

Inside Edition атты YouTube парақшасында жарияланған видеода бойжеткеннің жағдайына жергілікті жаңалықтар арнасы назар аударғанын байқауға болады.

Тележүргізуші АҚШ-тың Луизина штатында тұратын Мэриннің TikTok сервисіндегі тікелей эфир кезінде дәм сезбей қалғанын айтуда.

Белгілі болғандай Starbucks-тан кофеге тапсырыс беріп, одан дәм татып жатқан сәтін көпшілікке көрсетпек болған ару абдырап қалады. Себебі, ол кофенің дәмі қандай екенін мүлде айта алмайтын күйге түскен.

Дәм сезбей қалғанын ұққан Мэрин бір сәт үнсіздіктен кейін өзінің коронавирус жұқтырған болуы мүмкін екенін түсіне бастайды.

Тест тапсыруға асыққан Мэриннің күдігі расталған. Бүгінде ол карантин жағдайында үйде ем қабылдауда.

Бойжеткен жағымсыз симптомның пайда болу жылдамдығына таң қалғанын алға тартуда. Себебі түскі ас ішкенде бәрі жақсы болған ару небәрі екі сағаттан кейін дәм сезбей қалыпты.

Еске салсақ, бұған дейін отандық профессор коронавирустан қорғайтын басты үш факторды атаған еді.

Одан бөлек, Склифосовский атындағы клиникалық медицина институты кафедрасының ассистенті, дәрігер-косметолог Елена Морозова түрлі-түсті бетперденің қаупі туралы ескерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1888762-tikelej-efir-kezinde-mlde-dm-sezbej-kalgan-aru-koronavirus-zktyrgan-bolyp-sykty/

pixel