Сексен келілік зілтемірді көтерген жеті жасар қыз жұртты таңғалдырды
Жарияланған күні:
Канадада тұратын 7 жасар қыз 80 келілік штанганы көтерді деп хабарлайды dailymail.co.uk.
Жеті жасар Рори ван Ульфт 80 келілік штанганы көтере алған. Оның бойы Бойы 122 сантиметр.
Ол жақында ауыр атлетикадан 11 және 13 жасқа дейінгі балалар арасында 30 келіге дейінгі салмақтағы АҚШ чемпионатында жеңіске жеткен болатын.
Рори байқау тарихындағы ең жас жеңімпаз атанып отыр. Ал әкесі қызын "әлемдегі ең мықты қыз" деп санайтынын айтады.
Рори бес жасында гимнастика сабағында жаттықтырушылардың көзіне түскен соң кейін ауыр атлетикаға бет бұрған болатын.
Рори гимнастиканы көбірек ұнатады. Ол гимнастикаға аптасына тоғыз сағат жұмсайды, ал ауыр атлетикаға төрт сағатын арнайды.
Еске салсақ, бұған дейін Қытай тұрғыны әлемдегі ең ұзын бойлы жасөспірім атағына ие болып, рекорд жаңартқанын, ал Үндістанда әлемдегі ең ұзын шашқа ие жасөспірім анықталғанын жазған болатынбыз.
Одан бөлек, Үндістанда тұратын 6 жасар бала әлемдегі ең жас программист атанған еді. Архам Ом Талсания Python әмбебап бағдарламалау тілін білу сынағын сәтті тапсыра алған.
Сонымен қатар Лос-Анджелесте жағдайы төмен отбасында тұратын сегіз жасар бала жеке бизнес бастаудың арқасында, кедейліктен арылып, жаңа үй сатып алғанын жазғанбыз.
Жеткіншек анасының қиналып жүргеніне ендігі қарап отыра алмайтынын түсініп, гүл өсіруді бизнеске айналдырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889245-seksen-kelilik-stangany-ktergen-zeti-zasar-kyz-zrtty-tagaldyrdy/