Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүкеннен екі кәмпит ұрлаған ер адам он жылға түрмеге отыруы мүмкін

Опубликовано:

Шоколад
Көрнекі фото: pixabay.com

Словакияда супермаркеттердің бірінен екі шоколадты кәмпит ұрлаған тұрғын он жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды Sputnik радиосы.

Прокурордың айыпталушыға ұзақ мерзім сұрауына пандемияға байланысты енгізіліген төтенше жағдай кезінде ер адамның ұрлық жасауы себеп болып отыр.

Ұрланған кәмпиттердің бағасы бірнеше еуроны құрайды. Куәгерлердің айтуынша, күдікті ер адам қылмыс орнынан кетіп қалуға әрекеттенбеген.

Айыпталушының туыстары Словакия президенті Зузана Чапутоваға жүгінуді көздеп отыр. Олар биліктің сот процесіне араласқанын қалайды.

Алайда ел заңы бойынша үкім шыққаннан кейін ғана президент айыпталушыларға жеке өтініші бойынша рақымшылық жасай алады.

Словакияда бұған дейін осыған ұқсас жағдай орын алған. Құны екі еуро болатын бургер ұрлаған қаңғыбас адам он бес жылға бас бостандығынан айырылған.

Еске сала кетейік, осыған дейін билік басында жүрген әлемнің ең жас әрі ықпалды нәзік жандылары туралы жазған едік.

Бұл тізімге Словакия президенті Зузана Чапутова да кірген болатын. Ол 2019 жылғы 15 маусымнан бастап бүгінге дейін Словакия республикасының президенті әрі Словакия қарулы күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы.

Айта кетейік, өткен жылы 21 желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Словакиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне Роман Юрьевич Василенконы тағайындаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889292-dkennen-eki-kmpit-rlagan-er-adam-on-zylga-trmege-otyruy-mmkin/

pixel