RU

Қауіпті індеттен қорғану үшін қалай тамақтану керек: Мамандар кеңес берді

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Медицина мамандары коронавирус инфекциясынан қорғану үшін қалай тамақтану керектігін түсіндіріп берді деп хабарлайды РИА Новости.

Олардың сөзінше, кетогендік диета кезінде ұннан жасалған тағамдар мен тәттіден бас тарту қажет. Көмірсуды аз қолдану ағзадағы "жаман" холестерин пайызын азайтады, дейді мамандар.

Сонымен қатар, тамақтанудың мұндай тәсілі қандағы қант деңгейін тұрақтандыратыны белгілі болды.

Зерттеу нәтижесінде диета плазмадағы кетон денелері деңгейін арттыратынын көрсеткен екен.

"Тамақтанудың бұл тәсілі бейімді иммундық жасушалар қызметін жақсартып, COVID-19 жұқтыру қаупін азайтады", - делінген зерттеуде. 

Ғалымдар катогендік диета Т-лимфоцит рецепторымен байланысты жасушалар таралуына септесетінін анықтады. Одан бөлек, қабынуға қарсы да әсері бар.

Бұл диетада калориялардың 60-70 пайызы майлардан, 20-30 пайызы ақуыздан және 10 пайызы көмірсулардан болуы керек, дейді мамандар.

Олардың сөзінше, майды өсімдік майы, ет, балық, ірімшік, қаймақ, тәтті емес йогурт, жұмыртқа, авокадо және жаңғақтардан алуға болады.

Бұл өнімдердің дені ақуызға бай. Ал көмірсулар көкөніс, тәтті емес жеміс-жидектен алынады.  

Бірақ гарнирге ботқа, макарон, картоп жемеген жөн, дейді ғалымдар. Сонымен қатар, тәтті мен алкогольдік ішімдікке де тыйым салынады. 

Еске сала кетсек, осыған дейін тіршілік көзі болып саналатын судың пайдасы туралы кеңінен ақпарат ұсынған едік.

Ғалымдар адам ағзасының 65-75 пайызы судан тұратынын дәлелдеген. Осыған байланысты кейінгі кездері денсаулық жақсы болуы үшін күніне екі литр су ішу керектігі талқыланып жүр. Бұл туралы толық ақпарат сілтемеде.

Сонымен қатар бөдене жұмыртқасы мен ешкі сүтінің пайдасы туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889358-koronavirustan-korganu-sin-kalaj-tamaktanu-kerek-mamandar-kees-berdi/