Белгілі дәрігер қандай тағамдардан кейін бүйректе тас пайда болатынын айтты
Жарияланған күні:
Белгілі дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде бүйрек тастарының пайда болуына әкеліп соғатын өнімдерді атады деп хабарлайды РИА Новости.
Оның сөзінше, қызыл ет құрамындағы жануар майлары мен ақуыздар бүйректе тас пайда болу қаупін арттырады. Мясников осы санатқа жататын тағы бірқатар өнімдерді атап өтті.
"Шпинат пен көк шөптердің ағзаға пайдалы екені анық, алайда ол қандағы оксалаттар (оксалат қышқылының тұздары мен эфирлерін) мөлшерін арттырады және тас түзілуіне себепші болады", – деді дәрігер.
Сонымен қатар, Мясников аз мөлшердегі қызыл құрғақ шараптан басқа алкогольді ішімдіктер бүйрек тастарының пайда болуына әкелуі мүмкін, деген пікірде.
Тағы бір қауіп фактор — тәтті газдалған сусындарды жиі ішу.
Ол бүйрек жұмысы бұзылмас үшін мүмкіндігінше сұйықты көбірек ішу керектігін ескертті.
"Рационыңыздан тұзды — натрийді, етті — жануарлардың ақуыздары мен майларын азайтыңыз", — деді ресейлік дәрігер әрі тележүргізуші.
Одан бөлек, Мясниковтың сөзінше, кофе мен шай да бүйректе тас пайда болу қаупін азайтады.
Еске сала кетсек, осыған дейін тіршілік көзі болып саналатын судың пайдасы туралы кеңінен ақпарат ұсынған едік.
Ғалымдар адам ағзасының 65-75 пайызы судан тұратынын дәлелдеген. Осыған байланысты кейінгі кездері денсаулық жақсы болуы үшін күніне екі литр су ішу керектігі талқыланып жүр. Бұл туралы толық ақпарат сілтемеде.
Сонымен қатар бөдене жұмыртқасы мен ешкі сүтінің пайдасы туралы жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889512-belgili-driger-kandaj-tagamdardan-kejin-bjrekte-tas-pajda-bolatynyn-ajtty/