Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туған күнін атап өткен ер адам достарының сәтсіз қалжыңынан көз жұмды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбритания азаматы Саймон Холдер достарының сәтсіз қалжыңынан көз жұмды деп хабарлайды РИА Новости.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, ер адам отыз жастық туған күнін катерде атап өткен.

Тойлату кезінде алкогольдік сусын ішкен құрдастары қызық үшін оны суға лақтырып жіберіпті. Саймон Холдер судан сүңгіп шығып, катерге мінуге тырысып жатқанда, оның аяғын айналып тұрған винт іліп кеткен. Туған күн иесін құтқару үшін катерді тоқтатуға тура келген.

Нәтижесінде ауыр жарақат алған Саймон Холдердің тез арада ауруханаға жеткізілгені айтылды. Бірақ дәрігерлер ер адамды аман алып қала алмаған. Көп қан кеткендіктен, ол көз жұмған.

Полиция қызметкерлері қайғылы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізіп, "ер адам жазатайым оқиғаның нәтижесінде қаза тапты" деген шешімге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890184-tugan-knin-atap-tken-er-adam-dostaryny-stsiz-kalzyynan-kz-zmdy/

pixel