Атақты дәрігер ұйқысыздыққа әкелетін тағам өнімдерін атады (фото)
Опубликовано:

Ресейлік дәрігер әрі атақты тележүргізуші Елена Малышева ұйқы сапасын нашарлататын өнімдерді атады деп хабарлайды РИА Новости.
Малышева ұйқысыздықтан зардап шегетін адамдарды ең алдымен алкоголь өнімдерінен бас тартуға шақырды. Себебі спиртті ішімдіктер үзіліссіз ұйықтауға кедергі келтіреді, дейді дәрігер.

Сонымен қатар тележүргізушінің айтуынша, ұйқының сапасын төмендететін өнімдер қатарына кофе кіреді.
"Біріншіден, кофе әлсіз психостимулятор, екіншіден, бұл күшті диуретик. Сіз ұйықтап қалған соң, 20 минуттан кейін қайта оянасыз, себебі дәретханаға барғыңыз келеді", — деп түсіндірді Малышева.

Одан бөлек, медицина маманы майлы және ащы тағамдар ыңғайсыздық пен асқазанда қыжыл тудыруы мүмкін екенін айта келе, осының нәтижесінде адамның ұйқысы бұзылатынын жеткізді.

"Егер сізде ұйқысыздық пайда болса, ұйықтар алдындағы ас мәзіріңізді ретке келтіріңіз", — дейді Малышева.
Ұйықтар алдында пайдалы тағам ретінде тележүргізуші айран, пісте, шие, күркетауық, шпинат және күнжітті ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890222-atakty-driger-jkysyzdykka-keletin-tagam-nimderin-atady-foto/