Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкімдік ғимаратын торуылдаған ешкі, қой және үш қозы қызметкерлерді тырқырата қуды

Опубликовано:

Малдар
Скриншот: Daily Mail

Түркиядағы әкімдік ғимаратының алдына жиналған малдар қызметкерлерді әбден әбігерге салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Түркияның Невшехир қаласының әкімдік ғимараты маңында келген-кеткенді торуылдап жүрген малдар әкімдік қызметкерлерінің, әсіресе ғимарат күзетшілерінің мазасын қашырды.

Ешкі, қой және үш қозыдан құралған малдар әкімдік ғимаратының алдына баса көктеп кіріп, күзетшілердің "есін шығарған".

Мал иесі Хасану Унбулану төртаяқтылардың фермадан қашып кетіп, жұртты тырқырата қуалап жүргенінен мүлде бейхабар болған.

Еркіндіктің дәмін сезінген малдар қала орталығында әбден қыдырған. "Қашқындардың" арасында, әсіресе қой көпті қуумен болды. Күзетшілерге қарсы шығып, оларға өзін ұстата қоймаған төртаяқтылар, ақыры қолға түседі.

Қой
Фото: newsflash

Көп ұзамай бұл жайттан хабардар болған қала әкімі Расим Ари жұртты әбігерге салған малдарға "кешірім беріп", қойды басынан сипап қоя берген. Малдар аман-есен иесіне табысталды.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан тұрғынын итімен қоса қуған сиырлар желіде жұлдыз болғанын жазған едік.

Видеода жолдың бойында емін-еркін көсіліп жүрген сегіз сиырдың ер адам мен оның итін көре сала оларға бас салып, тырқырата қуалай бастағаны байқалады. Зәресі ұшқан ит қожайынының алдына түсіп алып, алды-артына қарамай қаша жөнелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890299-kimdik-gimaratyn-toruyldagan-eski-koj-zne-s-kozy-kyzmetkerlerdi-tyrkyrata-kudy/

pixel