Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сиыр жылғылар ұстамды: Туған жылы бойынша адамдардың мінез-құлқы қандай

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Ел арасында адамдардың мінез-құлқына оның туған жылы әсер етеді деген пікірдің жиі айтылатыны рас. Бұндай болжамдар нумерология мен жұлдыз жорамалдарда да көптеп кездеседі. Осы орайда назарларыңызға Түркістан басылымы ұсынған қызықты мәліметтерді ұсынамыз.

1. Тышқан жылы өмірге келгендер

Олар үсті-басын таза ұстап, сақ жүреді. Думан-той, ырду-дырдудан бойын аулақ салуға тырысады. Мінезі – тәкаппар, сәл нәрсеге өкпелегіш.

2. Сиыр жылы өмірге келгендер

Сиыр жылы туғандар ұстамды келеді. Туған-туыстарының, өзінің қайғысына қатты күйзеліп, кімге болсын көмегін аямайды. Кейде бұл қылығы өзіне зиянын тигізеді. Адамдар бұлардың жақсылығын тез ұмытады, алайда қиыс басса, оған түсіністікпен қарайды.

3. Барыс жылы өмірге келгендер

Қызба мінезді, ашуланшақ, басқаға билік жүргізгенді ұнатады, ешнәрсеге көңілі толмайды, бір істі қолға алса, бөгет болған адамдарды ұнатпайды, оларды беттен алып, ренжітіп тастайды.

4. Қоян жылы өмірге келгендер 

Қорқақ. Кез келген нәрседен үрейленеді, сыр сақтауға олақ. Маңызды істе өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Қашанда көңіл-күйіне қарай әрекет ететін жан.

5. Ұлу жылы өмірге келгендер 

Тұйық мінезді, барынша қарапайым көрінуге тырысатын, байсалды, құпияны сақтай білетін, көбінесе үнсіз жүруді ұнататын адам. Оның қолынан үлкен істерді атқару келеді, қай істі де өз ақылымен, оңаша шешуге ұмтылады.

6. Жылан жылы өмірге келгендер

Сырт көзге ұяң, маңызды істерден қашқақтап жүреді. Қойылған сауалға нақты жауап қайтармайды. Тайсақтап жауап береді. Басына пәле болып жабысатын нәрсе – тілі. Шамына тисе, ұяңдығын қойып, шынайы мінез-құлқын көрсетеді. Жаныңды жаралап алғың келмесе жыландардан аулақ жүр.

7. Жылқы жылы өмірге келгендер 

Олар – "жұмыс аты" сияқты. Жұмыстан ешқашан да жалықпай, таңертеңнен кешке дейін бір тыным таппайды. Әйтеуір, күні бойы тыпырлап, мазасыз күй кешеді.

8. Қой жылы өмірге келгендер 

Олар сәл нәрсеге ашуланады, қисайған бетінен қайтпайды. Сондай сәттерде өзіне де, жанында жүргендерге де қауіпті. Өзін жарға жығатын мінезі – шешімді тым асығыс қабылдайтындығы.

9. Мешін жылы өмірге келгендер

Олар – өзіне-өзі ғашық жандар. Сәнқой, ырду-дырдуы көп көңілді бас қосуларды ұнатады. Өзін өзгелерден артық санайды.

10. Тауық жылы өмірге келгендер

"Үйкүшік". Үй-үйелменіне қамқор болып, кез келген адаммен тез тіл табысады, отбасында адал. Ақыл-ойы бір басына жетерлік.

11. Ит жылы өмірге келгендер 

Бұл жылы туғандар сөзшең келеді және талас-тартыс, дау-дамайға лезде араласып кетеді. Оны өзі де білмей қалады. Алайда ешкімге зияны жоқ.

12. Доңыз жылы өмірге келгендер 

Оңаша, табиғат аясында, бау-бақшада еңбек еткенді, көңілді кештерге қатысқанды ұнатады. Көп нәрсеге басын қатырмайды, ол жөнінде көп ойланбайды. Отбасында бала-шағасы көп болады.

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақстандықтар Жаңа жыл мен Рождествода неше күн демалатынын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890433-siyr-zylgylar-stamdy-tugan-zyly-bojynsa-adamdardy-minez-klky-kandaj/

pixel