RU

61 жастағы әже сұлулық байқауында өзінен екі есе жас аруларды жолда қалдырды

Фото
Фото: @prayerworksamen2

АҚШ-тың Кентукки штатының тұрғыны Карен Расселл немересі үшін сұлулық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды деп хабарлайды Lenta.ru.

61 жастағы әйел 16-дағы немересі Шейлинге мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдеу үшін жергілікті сұлулық байқауына қатысқан.

Шетелдік БАҚ ұсынған ақпаратқа сәйкес, Карен Расселл өзінен екі есе жас жас бәсекелестерін жолда қалдырып, бірінші орынға ие болыпты. Бұл – оның бесінші жеңісі.

"Кейде мен подиумда 18 сантиметрлік өкшемен жүремін, бұл 61 жастағы әйел үшін керемет жетістік.

Мен ешқашан жасыма алаңдамаймын, себебі көйлек маған өзімді керемет сезінуге көмектеседі. Мен қырық жастағы өте сұлу әйелдермен жарысып, жеңіске жеттім", - дейді Кентукки штатының тұрғыны.

Карен Расселл жас әйелдерге адамның жасы жай ғана сан екенін түсіндіруге ниетті.

Әйелдің сөзінше, ол ешқашан сахнадан қорықпаған, бірақ өз жасына сай келетін көйлек таңдау қиынға соғады екен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімованың "Әлем ханымы-2020" байқауында ел намысын қорғайтыны белгілі болды.

Қайрат Нұртастың жары аталмыш байқауға қатысты сұхбат беріп, оған қалай келгені туралы бар шындықты айтты.

Белгілі болғандай, оны "Әлем ханымы" кастингіне байқаудың Қазақстандағы ресми өкілі шақырған. Бұл қызметті қазір отандық журналист Арай Әлімхан атқаруда.

Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, байқаудың онлайн форматта өтуі оған аса қолайлы болған. Ол сұлулық додасына балаларының қасында жүріп-ақ қатыса алатынына қуанды.

Кейін аталмыш байқауда тағы бір қазақстандық келіншектің қатысып жатқаны хабарланды. Аяна Сұлтанбекова есімді әйел бұл додада Орта Азия атынан шықпақ.

,

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890605-61-zastagy-ze-slulyk-bajkauynda-zinen-eki-ese-zas-arulardy-zolda-kaldyrdy/