Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырған әйел пойызға отырып, ауруханадан қашып кеткен

Опубликовано:

Әйел
Көрнекі фото: Satyabrata Tripathy/Hindustan Times via Getty Image

Ұлыбританиядан Үндістанға ұшып келген мұғалімнен коронавирус табылғаннан кейін ол дәрігерлерден қашып кеткен деп жазады РИА Новости.

Дели әуежайына келген кезде мұғалімнен COVID-19 инфекциясы табылған. Ол дәрігерлерге берілген. Алайда ауруханаға келгеннен кейін мұғалім амбулаториялық картасын алып, ешкімге байқатпай кетіп қалған.

Андхра-Прадеш штатының билігі тәртіп бұзушы туған қаласына қарай бағыт алған пойызда болуы мүмкін деген хабар алған. Жергілікті денсаулық сақтау органдары дабыл қағып, полицейлерге хабар берген.

Нәтижесінде педагог 22 жастағы ұлымен бірге пойыз купесінен табылған. Отбасы тез арада оқшауланып, қайтадан тест жасалған. Коронавирус тек мұғалімнен анықталған.

Штаттағы денсаулық сақтау министрі болған оқиғадан кейін келіншек мінген пойыз жолаушылары мен темір жол бригадасын тез арада табуды тапсырған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Германияда мутацияға ұшыраған коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелген еді.

Мутацияға ұшыраған коронавирус 20 желтоқсанда Ұлыбританиядан Майндағы Франкфурт әуежайына келген әйелден табылған. Қазір ол үйінде оқшаулануда.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкок елде таралып жатқан коронавирустың жаңа штаммына қатысты жағдай бақылаудан шыққанын мәлімдеген болатын.

Эпидемиологиялық ахуал ушығуына байланысты елде жаңа шектеу шаралары енгізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890904-koronavirus-zktyrgan-jel-pojyzga-otyryp-auruhanadan-kasyp-ketken/

pixel