Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолаушылар қозғалып бара жатқан ұшақ бортынан итімен бірге түсіп үлгерген

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

АҚШ-та ерлі-зайыптылар орнынан қозғала берген ұшақ бортынан итімен бірге түсіп үлгерген деп жазады APnews.

Басылымның жазуынша, Нью-Йоркте ерлі-зайыптылар ұшып-қону жолағында орнына қозғалып бара жатқан ұшақтан түсіп үлгерген.

Белгілі болғандай, ұшақта отырған ер адам бортсеріктің қауіпсіздік белбеуін тағуын өтінген сәтінде еш себепсіз үрейлене бастаған.

Ол бортсеріктердің сөзіне еш құлақ аспастан, жары мен итін ертіп, ұшақтың шығаберісіне қарай ұмтылған.

Сосын олар кабинаның есігін рұқсатсыз ашып, апаттық шығу тетігін іске қосып, ұшақтың басқышымен төмен түскен.

Оқиғадан кейін барлық жолаушыларға өзге рейстермен жету ұсынылып, олар Атлантаға аман-есен жеткен.

Ал шу шығарған ерлі-зайыптылар Delta 462 рейсінде ұшақ қозғалысына кедергі келтіргені және рейсті болдырмай тастағаны үшін қамауға алынып, оларға қатаң ескерту жасалған.

Кейін бортта шу шығарған азаматтың "посттравматикалық" синдромға шалдыққандығы анықталған.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та Орландодан Лос-Анджелеске бет алған ұшақ бортында коронавирус жұқтырған азаматтың көз жұмғанын жазған едік.

Ұшақ дәрігерлері жолаушыны жасанды тыныс алу және 2 адреналин уколы арқылы бір сағат бойы құтқаруға тырысқанымен, өкінішке қарай ол қайтыс болған.

Ал шұғыл қонуға мәжбүр болған ұшақтың барлық жолаушылары өзге рейстермен Лос-Анджелеске ұшып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890927-zolausylar-kozgalyp-bara-zatkan-sak-bortynan-itimen-birge-tsip-lgergen/

pixel