Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейірімді жігіт үйсіз азаматқа өз шалбарын шешіп берді

Опубликовано:

Жігіт
Скриншот: Caters Clips

АҚШ-та жүрегі кең жігіт шалбары болмай, тоңып тұрған үйсіз азаматқа өз шалбарын шешіп берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фресо қаласында болған бұл жайтты YouTube-та Caters Clips атты арна жариялаған.

Белгілі болғандай 26 жастағы Дэниел Ричардс есімді азамат әйелімен бірге дүкен аралауға шыққанында көшеде бейтаныс адамның тоңып тұрғанын байқап қалады.

Дэвид есімді үйсіз ер адамның шалбары жоқ екен. Оған ерекше жаны ашыған Дэниел көлігін тоқтатып, одан жағдайын сұрай бастайды.

Бейтаныс азаматтың киімге мұқтаж екенін бірден түсінген Дэниел оған көмек қолын созу үшін алдымен әңгімеге тартқан.

Сөйлесу барысында өз шалбарын беруге дайын екенін айтқан Дэниел Дэвидтің мұндай сыйлыққа қарсы еместігін білген.

Артынша сол жерде өз шалбарын шешіп береді. Дэвид бірден Дэниелдің шалбарын қуана киіп алады.

"Бейтаныс адамға шалбарсыз барсам, бұл оғаш көрінер еді, тіпті оны қорқытып жіберуім мүмкін екенін түсініп, алдымен сөзге тарттым", - дейді Дэниел.

Бұл жайтты ер адамның әйелі видеоға түсіріп, желіде жариялаған. Видеоны көрген желі қолданушылары мейірімді азаматқа мақтаулары мен ақ тілегін жаудырды.

Еске салсақ, бұған дейін Бразилияның Гояния қаласында шаштаразшының арқасында сақалы мен шашын тегін қидырып, артынша танымал болған үйсіз азамат жақындарымен қауышқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890943-mejirimdi-zigit-jsiz-azamatka-z-salbaryn-sesip-berdi/

pixel