RU

Анасының мәйітін 16 ай бойы сақтаған: Ер адам өз әрекетінің себебін түсіндірді

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

Ресейдің Самара қаласының тұрғыны 16 ай бойы анасының мәйітін үйінде сақтаған деп хабарлайды жергілікті "Россия Самара басылымы.

Басылым мәліметінше, оқиға орнына полиция қызметкерлері барған. Марқұмның ұлының мүгедек екені анықталды. Ер адам анасы өткен жылдың 19 тамызында қайтыс болғанын жеткізді.

Оның сөзінше, жерлеуге қаражат болмаған. Сол себепті денесін кілемге орап, бөлмеде қалдырдым, дейді ер адам.

23 желтоқсан күні үйіне танысы келген. Ішімдік ішпек болған уақытта ол болған жағдайды жасырмай айтыпты. Танысы тез арада құқық қорғау саласының қызметкерлеріне хабарлаған.

Қазіргі кезде аталған жағдайға қатысты тексеріс жүріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкенттегі мәйітханада жұмыс істейтін қызметкер өз қызметінің қыр-сырын айтқан еді.

Сонымен қатар, туыстарының үйінде қонақтаған ер адамның чемоданынан мәйіт табылғанын жазған едік.

Мелвин Мартин автобуспен Кентуккиден Иллинойстегі туыстарына келген. Олар оны үйіне алып келіп, қонақ қылған.

"Бірнеше күннен кейін Мартин үш чемоданын ашпаған кезде, ата-анасы күдіктене бастады. Сонымен қатар, олар ер адамның заттарынан шыққан жағымсыз иісті байқады.

Бір күні Мартин кітапханада болған кезде, оның отбасы чемодандарды тексеруге шешім қабылдады және сол жерден олар адам денесінің бөліктерін тауып алыпты.Мартиннің туыстары полиция шақырған. Тәртіп сақшылары мәйіттің Мартиннің 31 жастағы сүйіктісіне тиесілі екенін анықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891001-anasyny-mjitin-16-aj-bojy-saktagan-er-adam-z-reketini-sebebin-tsindirdi/