RU

Белгілі дәрігер коронавирустың ауыр формасын тоқтатуға көмектесетін әдісті атады

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Белгілі тележүргізуші, дәрігер Александр Мясников коронавирус жұқтырып ауыр халге түскен науқастарға интерферон-гамманың қалай көмектесетінін айтты деп хабарлайды РИА Новости.

Мясниковтың сөзінше, ресейлік дәрігерлер интерферондардың тапшылығы инфекцияның өршіп кетуіне себеп болады деген шешімге келген.

Содан науқас ауыр халге түседі, дейді ол. Маман осы ақпаратты UpToDate атты дәлелді медицина сайты да растап отырғанын жеткізді.

"Оған қоса, интерферондарды тыныс алу жолдары арқылы енгізудің тиімділігі де расталды", – деді Мясников.

Осы орайда дәрігер бірнеше ай бұрын өзінің ауруханасында өткізілген клиникалық зерттеулердің нәтижесін еске түсірді. Сол уақытта коронавирустың ауыр формасын жұқтырған пациенттерге интерферон-гамманы еккен. Ондай әдіс пневмонияның кейбір түрлерін де емдеуге көмектесті, дейді Мясников.

Ол қазіргі кезде дәрігерлер мұрынға тамызатын интерферон-гаммаларды зерделеп жатқанын атап өтті. Негізгі мақсат – коронавирус инфекциясының ауыр формасын тоқтату. 

Интерферондар – бұл адам ағзасындағы ақуыздардың жалпы атауы. Олар жасушалардан бөлінеді. Бұл – вирусқа қарсы реакция. Интерферондар белгілі бір жасушалық ақуыздарды күшейтіп, вирустың көбеюіне жол бермейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891083-belgili-driger-koronavirusty-auyr-formasyn-toktatuga-kmektesetin-disti-atady/