Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустың жаңа түрі Еуропаның сегіз елінде табылды

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 110 мыңнан асып кетті
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Еуропада коронавирустың жаңа түрі таралып жатыр. Бүгінде ол сегіз елде анықталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге мәлімдеді деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Қолданыстағы қорғаныс шараларын күшейту өте маңызды", - деп жазды ол Twitter-де.

ДДҰ өкілі адамдарды әлеуметтік оқшауланудан аулақ болуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қашықтықты сақтауға, маска тағуға шақырды.  

Оның айтуынша, COVID-19 індетінің жаңа штаммы жастар арасында таралып жатқан болуы мүмкін. Ол әзірге вирустың жаңа түрі зерттеліп жатқандықтан қырағылық қажет екенін атап өтті.

Бұған дейін Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутациясы анықталғаны белгілі болды. Ұлыбританияның жаңа және дамып келе жатқан респираторлық вирустық қауіп-қатерлер жөніндегі консультативтік кеңесі бұл штамм едәуір жылдам таралып жатқанын растады.

Коронавирустың жаңа түрі, алдын ала болжам бойынша, бұрынғысынан 70%-ке  жұқпалы болуы мүмкін екеніне қарамастан, оның өлімге немесе ауруханаға жату деңгейіне әсері туралы әлі ештеңе айтылмады.  

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ғалымдар жүргізген зерттеу барысында бір үйдің әртүрлі қабатында тұратын адамдар ешбір байланыссыз-ақ COVID-19 жұқтырғанын анықтағаны туралы жазған едік.

Сонымен бірге, әлемде коронавирусқа қарсы вакциналар көбейіп келе жатқанына қарамастан, ғалымдар әлі де ауруға дәрі-дәрмектің көмегінсіз қарсы тұрудың жолын іздеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891154-koronavirusty-zaa-tri-europany-segiz-elinde-tabyldy/

pixel