Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылдың символы болған мандариннің зияны мен пайдасы қандай

Опубликовано:

мандарин
Көрнекі фото: www.nasha.lv

Жаңа жыл мерекесі – мандариннің "жұлдызды" уақыты. Мерекелік дастарханда міндетті түрде мандарин тұрады. Жаңа жылдық тәтті қораптың ішінде де мандаринді салу әдетке айналған. Ендеше тоқсары түсті, цитрус дәмді жемістің пайдасы мен зиянын қарастырып көрелік деп жазады Massaget.kz.

Мандариннің отаны – Қытай. 19 ғасырдың басында Еуропаға жетіп, Испания, Марокко мен Түркияның негізгі өсіретін жемісіне айналған. Сондай-ақ, Абхазия мен Грузия, Франция, Япония, Үнді қытай елдері де өсіреді.

Жаңа жылда мандарин сыйлау дәстүрі көне Қытайдан қалған. Біздің заманымызға дейін 1 ғасырда пайда болған салт екен.

Ежелгі қытайлар мерекеде үйге келген қонақтарға екі мандарин беріп, басқа біреуге қонаққа барғанда тағы екі мандарин апарып беретін болған. Қытай тілінде "екі мандарин" деген тіркес "алтын" сөзіне ұқсас естіледі.

Мандариннің пайдасы

Мандариннің құрамында әртүрлі қышқыл, А, D, К дәрумендері, калий, магний, темір, фосфор, натрий және кальций сынды минералдар бар. Қабығында эфир майы, пигмент пен каротин болады. Әсіресе, қыста жеген кезде дәруменнің жетіспеуін толықтырып, аскорбин қышқылының арқасында иммунитетті көтереді.

Қабығын суға қайнатып, тұнбасын ішсе, жөтел мен қақырықты жазуға болады екен.

Мандариннің тағамдық құндылығы аз, жеңіл жеміс саналады. Бірақ құрамында қант көп. Соған қарамастан салмақ түсіруге, асқазан жұмысы мен зат алмасымын жақсартуға қауқарлы.

Мандариннің зияны

Мандарин цитрус жеміс болғандықтан, аллергия туғызады. Сондықтан 2-3 жастағы балаларға беруге болмайды.

Ал аскорбин қышқылы асқазанның шырышты қабығын қабындырып, жараны асқындыруы мүмкін. Сондықтан асқазаны ауыратын адамдарға аз жеген жөн.

Сондай-ақ мандаринді гепатит пен холецистит және нефрит ауруына шалдыққандарға жеуге болмайды. Көп жеген мандариннің каротині мен А дәрумендері бауырға салмақ түсіріп, бауыр ауруларын асқындыруы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891167-zaa-zyldy-simvoly-bolgan-mandarinni-ziany-men-pajdasy-kandaj/

pixel