RU

Мереке қарсаңында итіне сыйлық жасаған әйел 7 млн теңгеге жуық ақша жұмсаған

Алиса Торн итімен
Алиса Торн итімен. Фото: lenta.ru

Ұлыбританиялық әйел Рождество қарсаңында итіне сыйлық жасау үшін 12 мың фунт стерлинг (6 838 749 теңге) жұмсаған деп жазады Lenta.ru.

Уэльстің 52 жастағы тұрғыны Алиса Торн Рождество қарсаңында өзінің қытайлық иті Фабиоға ойыншық шаналар алып берген.

Одан бөлек, келіншек итке Сваровски кристаллдарымен әсемделген галстукты 600 фунт стерлингке (342 мың теңге), Cavalli комбинезонын 130 фунт стерлингке (74 мың теңге) сатып алып беріпті.

"Ол сондай сүйкімді, оны жақсы заттармен еркелеткім келеді", - дейді Алиса Торн.

Фабионың өмірге келгеніне небәрі алты ай болса да, Алиса оның киімі, әшекейлері мен басқа да заттары үшін мың фунт жұмсап үлгерген.

Үй жануарының гардеробында 6 мың фунт стерлингке сатып алынған 800 костюм мен әрқайсысы 600 фунт стерлинг тұратын төрт галстук-көбелегі бар.

Еске сала кетсек, Ұлыбритания тұрғыны серуендеп жүріп құны шамамен 800 мың фунт стерлинг (456 миллион теңге) болатын қазына тауып алғанын жазған едік.

Ер адам құстарды бақылау үшін далаға шыққан. Бір кезде батпақтың арасынан "көне дискіге" ұқсас ерекше жылтыраған затқа көзі түседі.

Мұны көрген ол металл іздеушіге жүгінген. "Көне диск" кельт қазынасына толы құмыра болып шыққан.

"Бұл сәтті мен өмір бойы ұмытпаймын", - дейді ер адам. Құмыраның ішінен шамамен біздің дәуіріміздің 40-50 жылдары жасалған мыңға жуық монета табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891245-mereke-karsaynda-itine-syjlyk-zasagan-jel-7-mln-tegege-zuyk-aksa-zmsagan/