RU

Жаңа жылда ақша сыйлау денсаулыққа қауіпті ме

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Коронавирус пандемиясы кезінде қолма қол ақша ең қауіпсіз сыйлықтар тізімінен шығып қалды, себебі жүздеген мың адамның қолынан өтетін купюра микробтардың нағыз ошағына айналды. Алайда сарапшылар купюрадағы вирусты өлтіру үшін оны бернеше сағатқа нөлден төмен температураға қою қажет екенін айтады деп жазады РИА Новости.

Эпидемиолог Ольга Ненастина күнделікті ұстайтын заттар инфекция тасымалдаушы болып саналады деген пікірде. Сол себепті конвертке салынған ескі қолма қол ақша қазір ең қауіпсіз сыйлықтар қатарына жатпайды, дейді ол.

Маманның сөзінше, жүздеген мың адамның қолынан өтетін купюра инфекцияның ошағына айналады.

Ольга Ненастина тұмау мен коронавирус вирустары қағазда және жылы, ылғалды ортада ұзақ өмір сүретінін жеткізді.

Ал Ресей медециналық академиясының вирусология кафедрасының меңгерушісі Елена Малинникова коронавирустың 4-10 градус жылы температурада тұрақсызданатынын алға тартты.

Коронавирус ылғалды және қалыпты температура болған жерде өмір сүреді, ол жылуды ұнатпайды, дейді маман.

Ол үшін желдету жоқ жерлерде болған әлдеқайда тиімді. Медицина маманының сөзінше, дезинфекция жасалған беттердегі инфекция өліп қалады

Коронавирус қағаз ақшада қанша уақыт сақталады деген сұраққа вирусолог ақшаны ғана емес, басқа да заттарды бірнеше сағат құрғақ, жақсы желдетілетін, суық жерге қою вирус мөлшерінің күрт төмендеуіне және инфекция дозасының азаюына алып келетінін сөз етті. Ал соның нәтижесінде вирус өледі.

Медицина ғылымдарының докторы, иммунолог, аса қауіпті инфекциялар жөніндегі маман Владислав Жемчугов пандемия кезінде қолма қол ақша берудің қауіпсіз екенін, алайда белгілі бір шарттарды сақтау қажет екенін ескертті.

Сарапшының пікірінше, COVID-19 суыққа сезімтал келеді. Сол себепті төмен температура кезінде ол бір сағат ішінде өлуі мүмкін, дейді ол. Ал аяз шамамен 10 градус болса, вирусты жеңу үшін бір минут жеткілікті екені белгілі болды.

"Егер қағаз ақшаны балконға шығарып қойса, таңертең ол қауіпті болмайды. Бастысы ақшаның ұшып кетпеуін бақылау керек", – дейді Жемчугов.

Ал инфекционист-дәрігер Ирина Шилкина ақшаны жаңа жылға арналған ең жақсы сыйлық деп санамайды. Ал егер ақша сыйлау керек болса, оны карта арқылы аудара салуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891299-zaa-zylda-aksa-syjlau-densaulykka-kauipti-me/