RU

Картадағы ақшасын әйелімен бөліскісі келмеген қария үйінен қашып кетті (видео)

Зейнеткер
Көрнекі фото: pixabay.com

Қытайда банк карточкасындағы ақшасын әйелімен бөліскісі келмеген қария үйінен қашып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қытайдың Чунцин қаласында тұратын егде жастағы азамат әйеліне карточкадағы өз қаражатын бергісі келмей, үйінен қашып кетеді.

88 жастағы күйеуін жоғалдыға санаған кейуана дереу полицияға шағым түсіріп, оны тауып беруін өтінеді. Полицейлер із-түзсіз кеткен ақсақалды барлық жерден іздеп, ақыры оны тауып алған.

Тәртіп сақшыларының қолына түскен қария не себепті үйінен кетіп қалғанын түсіндірген. Айтуынша, әйелі 30 жыл бойы оның банк карточкасын өз меншігі ретінде иемденіп, барлық қаражатын өз қалауынша жұмсап келген.

Қария осы күнге дейін еңбек терімен тапқан қаражатынан көк тиын жұмсай алмай, әйелінің еркелігіне көніп жүріпті. Ақыры бұл әділетсіздікке төзгісі келмеген ол әйелінен қашып құтылуды жөн санаған.

Полицейлердің қолына түскен қарияға енді үйіне оралуға тура келеді. Десе де полицейлердің бірі ер адамды мүмкіндігінше жұбатуға тырысқан. Тәртіп сақшысы да өзінің барлық жалақысын әйеліне беріп жүргенін алға тартып, егде жастағы азаматты мұнда тұрған ештеңе жоқтығына сендірмек болады.

Еске салсақ, бұған дейін біз құлап бара жатқан баласын ұстап үлгерген ана желіде жұлдыз болғанын жазған едік. Хошимин қаласының тұрғыны жылдам әрекет етуі арқасында төсектен құлап түсуге сәл-ақ қалған баласын құтқарып үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891636-kartadagy-aksasyn-jelimen-bliskisi-kelmegen-karia-jinen-kasyp-ketti-video/