Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сіңлісін дүниеге әкелді: 25 жастағы келіншек анасына бала туып берді

Опубликовано:

Жүктілік
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шотландияның Инвернесс қаласының тұрғыны анасының орнына жүкті болып, өзінің сіңлісін дүниеге әкелді. Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

25 жастағы Холли Саммерс 49 жастағы анасы Фэйге бала туып беру үшін суррогат ана атанды.

Холлидің 46 жастағы өгей әкесі Эндрю мен Фэй ұзақ жылдар бойы балалы болуды армандап келген, алайда Фэй бала көтере алмаған екен.

Олар Холиден суррогат ана болуды өтінген. Алғашында эмбрионды Эндрюдің ұрығы мен Фэйдің 2014 жылы мұздатылып-қатырылған ұрық жасушасын біріктіру жолымен алу жоспарланған болатын.

Алайда дәрігерлер жасушаның өміршең еместігін анықтайды. Нәтижесінде, Холли суррогат ана болып қана қоймай, жасуша доноры болуға да келіскен.

Келіншек қазан айында босанып, толғақ 41 сағатқа созылған. Ол Виллоу есімді қызды дүниеге әкелді. Холлидің Арвен есімді үш жасар қызы бар. Ол қызы Виллоуды сіңлісіндей көретініне сендіруде.

"Мен Виллоуды дүниеге әкелдім және оны анама ойланбастан бердім, еш күмәнім болмады. Анам мен Эндрю отбасылы болғалы бері бала сүйгісі келді, бірақ балалы бола алмады" , - дейді Холли Саммерс.

Отбасы Виллоуға өскенде ата-анасы туралы шындықты айтуды жоспарлап отыр. Бүгінде төрт баласы бар Фэй қызына алғысы шексіз екенін жасырмайды.

Айта кетейік, бұған дейін 11 баласы бар бақытты жанұяның Жаңа жылға қалай дайындалып жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891762-silisin-dniege-keldi-25-zastagy-kelinsek-anasyna-bala-tuyp-berdi/

pixel