Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылдық мереке кезінде қандай тағамнан бас тартқан абзал

Опубликовано:

Жаңа жыл1
Көрнекі фото: pixabay.com

Мамандар ел азаматтарын Жаңа жыл мерекесінде майлы әрі алкогольді өнімдерді аз қолдануға шақырып отыр деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Диетолог Арай Әміренің сөзінше, алкогольді сусындарды шамадан тыс көп қолданған кезде адамдардың 50-60 пайызында панкреотит, өттің толуы, бауыр ауруы кездеседі.

"Көбінесе асқазанға ауырлық түседі. Майлы, қуырылған, майонез қосылған тағамдарды тұтынғаннан кейін асқазанда бірден ауырлық сезімі пайда болып, адамдар 2-3 күн ауырып жүреді", - деді диетолог Арай Әміре.

Ал дәрігерлер, әсіресе, майлы тағам мен алгокольді араластырып, асқазанға ауырлық түсіріп алмау қажеттігін ескертеді. Осының кесірінен түрлі аурулар асқынып кетуі мүмкін, дейді ақ халаттылар.

"Көпшілікке белгілі алкогольді ішімдіктер организмге тез тарайды. 5-7 минуттың ішінде шектен қанға тарап, бірден миға әсер етеді. Ол тек ішкі ас қорыту органдары ғана емес, ми, нерв жүйесіне де теріс әсері болып жатады", - дейді терапевт Діллахан Байменова.

Жылына бір келетін кешті кім қалай өткізетінін әрине әркім өзі таңдайды. Бірақ "бірінші байлық - денсаулық" екенін дәрігерлер ұмытпауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін сиыр жылында жаңажылдық дастарханға қандай тағам қойған дұрыс екенін жазған едік.

Астролог Лилия Любимованың сөзінше, дастарханға тәттілердің кез келген түрін қоюға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891899-zaa-zyl-karsaynda-kandaj-tagamnan-bas-tartkan-abzal/

pixel