Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатырма қағаздан мотоцикл жасайтын жігіт шеберлігімен жұртты тәнті етті

Опубликовано:

Шебер
Видеодағы кадр: youtube.com/Sputnik Қазақстан

Бразилияда қатырма қағаздан брендтік мотоциклдердің көшірмесін жасайтын шебер жігіт тұрады. Генри Гонсалвес 15 жасынан бері осы іске әуестенген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Он тоғыз жастағы Сан-Паулу тұрғыны Генри Гонсалвес бірнеше жылдан бері байкер болуды армандайды. Алайда әлі мұндай мүмкіндік болмағандықтан, көлікті қағаздан жасауға кірісіпті.

Ол қатырма қағаз, пластик, қолда бардың бәрінен белгілі бренд мотоциклдерінің репликасын әзірлейді.

Генри 15 жасында осы іске әуестеніп, алғашында миниатюралық модельдер жасаған. Өткен жылдан бастап өлшемі нағыз көлікпен бірдей мотоциклдердің көшірмесін жасай бастаған.

Шебердің қолынан шыққан алғашқы мотоцикл – Honda CB 600 F Hornet. Генри туындысын 10 ай бойы әзірлеген.

Екінші байк – BMW R 1200 көшірмесі. Оған әлдеқайда аз уақыт жұмсаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайда ойыншық көлік айдаған әйелдің полицейлердің назарын аударғанын жазған едік.

Белгілі болғандай Цюаньчжоу қалалық округінде тұратын келіншек қызғылт түсті ойыншық көлікті тізгіндеп саябаққа жетпек болады.

Тәртіп сақшылары тоқтатқан әйелдің айтуынша, ол ойыншық көліктерді сататын дүкенде жұмыс істейді. Бастығы оған қызғылт түсті көлікті саябаққа жеткізуді тапсырыпты.

Олар саябақта демалушылардың балаларына көлікті жалға беруді жоспарлапты. Уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әйел көлікті басқару арқылы діттеген жеріне жеткізуге шешім қабылдаған екен.

Алайда полиция оны тоқтатып, нәтижесінде көлік тәркіленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1892470-katyrma-kagazdan-birnese-motocikl-zasajtyn-zigit-seberligimen-zrtty-tnti-etti/

pixel