Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылға қуанған жұрт 20 тонналық аққала жасап тастады

Опубликовано:

Аққала
Фото: ntv.ru

Италияда салмағы 20 тоннаны құрайтын аққала жасалды деп жазады "Экономические новости" басылымы.

Италияның Авьятико қаласында пайда болған алып аққаланың салмағы 20 тоннаға жетеді. Ал биіктігі бес метрге, шеңбері 22 метрге дейін барады.

Аққала
Фото: enovosty.com

Ең үлкен аққаланы соғу бастамасын қолға алған қала мэрі Маттиа Каррара болып шықты. Ол Pro Loro ұйымының еріктілерімен бірігіп, бұл ойын жүзеге асыра алған. Аталмыш ұйым қалаға туристер тарту жұмыстарына жауап береді.

Аққала
Фото: enovosty.com

Осылайша, қала басшылығы өңірге туристерді тартудың ерекше жолын ойлап тапқан.

Ұйымдастырушылар жаңадан бой көтерген алып аққала жаңа жылда қалыпты әрі мамыражай өмірге оралудың нышанына айналады деген үмітте.

Аққала
Фото: enovosty.com

Олар коронавирус салдарынан көпшілік үшін оңайға соқпаған 2020 жыл артта қалғанына қуанышты екендерін жасырмады.

Аққала
Фото: enovosty.com

Аққала
Фото: enovosty.com

Аққала
Фото: ntv.ru

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтандағы Жаңа жыл нышаны ТМД-дағы ең биік шырша бестігіне енгенін жазған едік.

Көш басында Түрікменстан астанасы Ашхабадта орналасқан жасанды шырша тұр. Оның биіктігі 41 метр. Мерекенің басты әшекейі "Әлем" мәдени-көңіл көтеру орталығына қойылған.

Екінші орынға Өзбекстан жайғасты. Ташкенттегі Навои атындағы ұлттық кітапхана маңына биіктігі 36 метр болатын жасанды шырша қойылған.

Рейтингтің қола жүлдесі Минсктегі Окябрь алаңына қойылған 30 метрлік жасанды шыршаға бұйырыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1892483-zaa-zylga-kuangan-zrt-20-tonnalyk-akkala-zasap-tastady/

pixel