Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапонияда жарты келі шие 10 мың долларға сатылып кетті

Опубликовано:

Шие
Көрнекі сурет: pixabay.com

Жапонияда жарты келі шие аукционда шамамен 10 мың долларға сатылды деп хабарлайды РИА Новости.

Жақында ғана жиналған 500 граммға жететін бір қорап шие Ямагата префектурасындағы бірінші аукционда миллион иенге (шамамен 9800 доллар) сатылды. Бұл туралы ауылшаруашылық кооперативтерінің жергілікті қауымдастығы мәлімдеген.

Ең қымбат лот Сатонисики деп аталатын сирек сұрыптың іріктелген ірі жемістерінен құралған.

Бұл шиелердің қымбат болуы оны өсіру технологиясымен байланыстырылуда. Шие ағаштары арнайы құтыларда өсіріледі. Маусым айынан қазан айының басына дейін оларды тоңазытқышқа салып, содан кейін жылыжайға ауыстырады. Жылыжайда күндіз 25 градус, түнде шамамен 13 градус температура сақталады.

Шиенің бұл түрі өсірілетін Тендо қаласы Жапонияда ең алғаш болып шие жемісін беретін ағаштарын ерекше мақтан тұтады. Ямагата префектурасы Жапонияда өсірілетін барлық шиенің 75% құрайтын ең дәмді шиелерді жеткізуші өңір болып саналады. Бірақ әдетте алғашқы шие жемістері көктем мен жаздың соңында ғана пісіп жатады.

Еске салсақ, бұған дейін Сицилияның италиялық Салеми қаласында 30-дан астам үй құны бір гамбургерге тең бағамен - бір еуроға сатылып жатқанын жазған едік.

Қалада кафелер мен мейрамханалар, Норманн сарайы мен мұражайлар бар. Билік әлеуетті сатып алушыларды бұл жайт қызықтыра түсетініне сенім білдіруде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1892498-zaponiada-zarty-keli-sie-10-my-dollarga-satylyp-ketti/

pixel