Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павел Дуров пайдаланушыларды iOS-тан Android-қа ауысуға шақырды

Опубликовано:

Павел Дуров
Павел Дуров. Фото: instagram.com/durov

Telegram мессенджерінің иесі Павел Дуров өз блогында Apple корпорациясы еркін ақпарат алмасуға кедергі келтіретінін айтты деп хабарлайды gazeta.ru.

Дуровтың қатысуымен өткен Telegram-дағы пікірталас жазылушылардың бірінің Parler қосымшасы туралы сұрағынан басталған.

Қосымша қазіргі АҚШ президенті Дональд Трамптың жақтаушылары арасында танымал болғандықтан, оны Apple мен Google бұғаттаған.

Дуровтың сөзінше, бұл компаниялар "Twitter-ге қарағанда бостандық үшін әлдеқайда үлкен мәселе туындатады".

"Apple анағұрлым қауіпті, өйткені корпорация сіз қолданатын қосымшаларға кіруді толықтай шектей алады. Менің пайдаланушыларды iOS-тан Android-қа ауысуға шақыратын себебім осы", - дейді Павел Дуров.

Еске сала кетсек, бұған дейін Дуров Whatsapp мессенджерінің қауіпті екенін бірнеше рет ескерткен еді.

Сонымен бірге 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ескі смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтататынын жазған едік.

Қосымша операциялық жүйе iOS 9 немесе Android 4.0.3-ге дейін жаңартылмаған құрылғыларда істен шығады. Ең алдымен, бұл iPhone 4 және оның ерте шыққан модельдеріне қатысты.

iPhone 4S, iPhone 5, iPhone 5S, iPhone 5C, iPhone 6 және iPhone 6S смартфондарында WhatsApp қайтадан жұмыс істеуі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді iOS 9-ға дейін жаңарту керек.

Бұдан бөлек, хаттарды жоғалтып алмас үшін олардың резервтік көшірмесін жасау ұсынылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1893047-pavel-durov-pajdalanusylardy-ios-tan-android-ka-auysuga-sakyrdy/

pixel