Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таңертеңгі әдеттердің қайсысынан арылған жөн: Дәрігер кеңесі

Опубликовано:

Таңғы уақыт
Көрнекі сурет: Getty Images

The Mirror басылымы авторларының бірі әрі дәрігер Мириам Стоппард таңертеңгілік әдеттердің қайсысынан арылу керектігін айтып берді.

Ең алдымен, ол таңертең белсенді жаттығулар жасамауға кеңес берді.

Дәрігердің айтуынша, оянғаннан кейін адам ағзасындағы судың мөлшері аз болады, сондықтан дененің созылғыштық қасиеті азая түседі екен.

Кез келген абайсызда жасалған оқыс қозғалыс жарақатқа әкелуі ғажап емес дейді маман. Әсіресе адамның омыртқа тұсы зақымдануға бейім келетін болып шықты.

Көптеген адам таңғы асын кофеден немесе апельсин шырынынан бастағанды жөн санайды. Тұра сала осы сусындарды ішу де зиян дейді дәрігер. Бұл сусындар қандағы қант деңгейін едәуір арттырады.

Сіз оянғаннан кейін қандағы инсулин деңгейін басқаратын процестер толығымен іске қосылып үлгермейді.

Сол себепті кофе мен апельсин шырынын таңғы астан кейін ғана ішкен дұрыс дейді ақ халаттылар.

Еске салсақ, бұған дейін Бразилиядағы Сан-Паулу университетінің ғалымдары мен еуропалық зерттеушілер таңғы ас ішпейтін жастардың семіздікке, сондай-ақ екінші типтегі диабет пен жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығуы мүмкін екенін анықтаған болатын.

Одан бөлек, ресейлік эндокринолог кофені таңертең ашқарынға ішуге болмайтынын ескерткен еді.

Өйткені ашқарынға ішілген кофенің салдары уақыт өте келе созылмалы аурулардың өршуіне әкеледі екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1893097-taertegi-detterdi-kajsysynan-arylgan-zn-driger-keesi/

pixel