Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

25 жылдық тарихы бар шалшыққа ашылған желі парақшасы жұртты таңырқатты

Опубликовано:

Шалшық
Фото: instagram / ya_luzha_u_doma

Ресейдің Южно-Сахалинск қаласында 25 жыл бойы билік назарынан тыс қалған шалшықтың құрметіне Instagram желісінде парақша ашылып, көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды.

Ресейдің Қиыр Шығыстағы Южно-Сахалинск қаласында үлкен шалшыққа айналған жолдардың біріне 25 жылдан астам уақыт бойы ешкім жөндеу жұмыстарын жүргізбеген. Бұл жайтқа көпшіліктің назарын аудару мақсатында жергілікті тұрғындар Instagram желісінде Ya_Luzha_u_doma атты парақшаны аталмыш шалшықтың құрметіне ашып береді.

Шалшық
Фото: instagram / ya_luzha_u_doma

Бүгінде шалшықтың желідегі парақшасына 16 мыңнан астам адам жазылған.

Парақшаның сипаттамасында айтылғандай, бұл шалшық Южно-Сахалинскінің Тихоокеанская көшесіндегі 10 үйдің жанында орналасқан.

Шалшық
Фото: instagram / ya_luzha_u_doma

Аккаунт авторының сөзіне сенсек, алғашқы күні "шалшықтың" парақшасына 6 адам ғана жазылған. Екінші күні жазылушылар саны 40-қа жетеді.

Шалшық
Фото: instagram / ya_luzha_u_doma

Мәскеу жол радиосы бұл парақша туралы өз хабарларының бірінде сөз еткеннен кейін жазылушылар саны күрт артып, екі мыңға жетіпті.

Шалшық
Фото: instagram / ya_luzha_u_doma

Сонымен, бұл шалшықтың ерекшелігі неде?

Қарапайым шалшыққа ерекше қызығушылық тудыруға ол жерде тұрып жатқан жандардың да әсері бар. Олар шалшықтың маңында түрлі суреттерге түсуде.

Шалшық
Фото: instagram / ya_luzha_u_doma

Шалшық
Фото: instagram / ya_luzha_u_doma

Парақша авторының айтуынша, ол биліктен 2017 жылы жолды шалшықтан тазартуды өтінген. Өтінішті қабылдап, тазартуға уәде берген биліктің ресми хаты да автордың қолында бар болып шықты.

Шалшық
Фото: instagram / ya_luzha_u_doma

Содан бері 4 жыл өтсе де шалшыққа шенділердің назары ауа қоймаған екен.

Шалшық
Фото: instagram / ya_luzha_u_doma

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1893196-25-zyldyk-tarihy-bar-salsykka-asylgan-zeli-paraksasy-zrtty-tayrkatty/

pixel