Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуін қарғыбаумен серуенге шығарған әйел жұртты таңырқатты

Опубликовано:

Қос ғашық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Канаданың Шербрук қаласында 9 қаңтарда полицейлер коменданттық сағатқа қарамастан көшеде серуендеген ерлі-зайыптыларға айыппұл салды. Серуен кезінде ерлі-зайыптылардың бірі мойнына қарғыбау тағып алған екен деп жазады "Гордон" басылымы.

Ерлі-зайыптылардың мұндай оғаш әрекетке баруына жергілікті биліктің қаулысы себеп болған.

Квебек провинциясының билігі коменданттық сағат кезінде кешкі сағат сегізден кейін итпен серуенге шығуға рұқсат еткен екен. Тек серуен кезінде итімен үйінен бір шақырымнан әрі аспау керектігі ескертілген.

Мұны естіген әйелі күйеуіне қарғыбау тағып оны серуенге алып шығуды ұйғарады. Тәртіп сақшыларына "итін" серуенге шығарғанын айтып ақталмақ болған әйел ақыры айыппұл арқалады деп хабарлады CTV News.

Полицейлердің айтуынша, оғаш жағдай 9 қаңтар күні болған. Қаланың орталығына бет алған ерлі -зайыптыларға тәртіп сақшылары 1,5 мың канадалық доллар (1,2 мың доллар) айыппұл салды.

Ерлі-зайыптылар айыппұл төлеуден жалтармайтындарын алға тартып, ендігі карантин шарттарын бұзбауға уәде берді.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлыбританияда өзін адам емес, ит деп санайтын азамат тұратынын жазған едік. Ол өткен-кеткенге үріп, күн бойы иттің костюмін киіп жүргенді жөн көреді екен.

Өзін иттердің қатарына жатқызатын 37 жастағы азамат заттарды қолымен емес, тістерімен ұстағанды ​​ұнататынын және түскі асты ит ыдысынан ішетінін айтып, көпшіліктің таңданысын тудырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1893465-kjeuin-kargybaumen-seruenge-sygargan-jel-zrtty-tayrkatty/

pixel