Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18+: Мас кезде төсек қатынасына түскендер қандай қателік жібереді

Опубликовано:

Төсек қатынасы
Көрнекі фото: hr-portal.ru

Ішімдік ішкен ер-азаматтар мен әйелдердің төсек қатынасында жіберетін жеті басты қателігі анықталды.

Оргазм алу қиындайды

Масаң күйде жыныстық қатынаспен айналысқан екеудің әрекеті әдеттегіден ұзаққа созылады. Ал жай күндері оргазмды сезінуі қиын жандар масаң күйде оны армандамаса да болады. Иә, қанағаттануыңыз мүмкін. Тек тән аймалауынан ғана ләззат таба аласыз. Ал жыныстық қатынастың ойдағыдай шығуы неғайбыл. Тек жеңіл шараптан екі бокал ғана ұрттаған болсаңыз, онда үмітіңізді үзбесеңіз болады деп жазады Ernur.kz басылымы.

Мас кезде "біртүрлі" әрекеттер көбейеді

Артық ішілген ішімдіктің әсері ең алдымен адамның көңіл-күйінен белгілі болады. Кейбір қыз-келіншектер өздерін актриса немесе модель сезініп, енді бірінің бойынан жасырын "кейіпкерлер" оянуы мүмкін. Мұндай "кейіпкерлер" жыныстық қатынас кезінде "оянып кетсе", соңы жақсылыққа апармайды. Ұятты жағдайға ұласуы әбден мүмкін. Сондықтан, ішімдік ішкенде мүмкіндігінше жұбайыңыздан бөлек жатып, жыныстық қатынас туралы мүлде ойламағаныңыз дұрыс болады.

Қобу қиын болуы мүмкін

Қобуы (эрекция) онсыз да қиындау еркектер мұндайда әсіресе абай болғаны дұрыс. Жұбайының алдында ыңғайсыз жағдайға тап болмау үшін еркектер масаң күйде жатын жайға жоламай-ақ қойғаны, жоласа да әйелін әурелемегені жөн болады. Рас, ішімдік ішкенде адамның бойынан жыныстық қатынасқа деген қалауы оянады. Бірақ оны ойдағыдай орындап шығу көбіне еркектерде дұрыс бола бермейді. Себебі сол, жүйке жүйесіне әсер ететіндігінде.

Мас кезде бөтенмен...

Бұл да шындық. Мас күйінде ішімдіктің буына елтіп қате жасап қойғандар көп. Таңертең бөтеннің төсегінде, әлі жөндеп танымаған жанның құшағында оянып, талай көздер жылап, өкінішпен күрсінген кеуделер көп болған. Ондайдың соңы бақытқа айналғандар да бар шығар, бірақ өкінішті сәттері тым көп.

Артық айтып қою

Кейде күйеуің немесе әйелің тұрмақ, өзіңе өзің де айтқың келмейтін жайттар болады. Міне, сондай құпияларды да осы ішімдік оп-оңай ашып тастай салады. Мұның соңы жақсы болмайтыны бәріне белгілі.

Ең жаманы...

Мас күйде жыныстық қатынасқа түсудің ең бір жағымсыз жағдайы – не болғанын сезінбеу. Тіпті, таңертең түнгі ләззаттан есіңде ештеңенің қалмауы. Сосын жүргенің, "не болды, не қойды, не істедім" деп өзіңнен де, жұбайыңнан да ыңғайсызданып...

Жүктілік

Әлбетте, жүкті болу, дүниеге тағы да ұрпақ әкелу жақсы ғой. Бірақ ол орынсыз, қалаусыз, буынсыз жерден ұрылған пышақтай болса, жаманы сол. Ертеңгі күні жасанды түсік жасатудан басқа жол жоқ болса, тіпті жайсыз. Сондықтан, масаң күйде жақындастықтың ертеңгі күні өкіндірмейтінін ойлаған жөн-ақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1893741-18-mas-kezde-tsek-katynasyna-tskender-kandaj-katelik-ziberedi/

pixel