RU

Өзбекстанда бір үйдің үш баласы газдан уланып көз жұмды

Аурухана2
Көрнекі фото: pixabay.com

Өзбекстаның Самарқанд облысы Каттакурган ауданында бір үйдің үш баласы газдан уланып көз жұмды деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, көз жұмған балалар 1, 4 және 8 жаста болған.

Ведомство балалардың газдан уланып қайтыс болғанын сот-медициналық сараптама қорытындысы растағанын айтты.

Ал балалардың ата-анасы қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Қайғылы оқиға бойынша Каттакурган аудандық прокуратурасы тергеуге дейінгі тексерісті бастаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Талдықорғанда пәтер өртеніп, төрт адам ауруханаға түскенін хабарланған еді. Зардап шеккендердің екеуі — бес және алты жастағы балалар.

"14 қаңтарда сағат 11:27-де Алматы облысы ТЖД Талдықорған қаласы, "Мушелтой" шағынауданы, 28 үйдің төртінші қабатындағы пәтер өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жанып жатқан пәтерден 4 адамды құтқарды.

Оның ішінде екі бала болды (1981 жылғы ер адам, 1984 жылғы әйел адам және 2015, 2019 жылғы екі бала), олар Талдықорған қаласындағы облыстық және көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды", - делінген Алматы облыстық ТЖ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар 14 қаңтарда Нұр-Сұлтандағы "Астана" концерт залы (бұрынғы Конгресс Холл) аймағында сауда үйінің шатыры өртенгенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1893842-zbekstanda-bir-jdi-s-balasy-gazdan-ulanyp-kz-zmdy/