Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баласына берілген есімді жақтырмаған әкесі одан бас тартты

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбританияда ер адам баласына әйелі таңдаған есімді ұнатпай, жаңа туған нәрестесінен бас тарту туралы шешім қабылдады деп жазады The Sun.

Ер адам туу туралы куәліктегі "баланың есімі" бағанында әйелі таңдаған есім жазылғанын көріп, қатты ашуланған. Себебі, әйелі баласына бұрынғы сүйіктісінің есімін беруді ұйғарыпты.

Бұған қатты таң болған азамат баласының есімі өзгертілмеген жағдайда оның әкесі болудан бас тартатынын мәлімдеген.

"Мен сүйіктіме баланың атын біз келіскен есімге өзгертпейінше, оған ешқандай құжаттарға қол қоймайтынымды айттым", - деді ол.

Алайда азаматтық некедегі әйелі баласының есімін өзгертуге түбегейлі қарсы болып отыр. Жастар ресми түрде некесін қидырып үлгермеген. Ер адам жарының адалдығына сенімсіздік танытып отырғанын жасырмады.

Енді ол баланың анасы бұрынғы жігітімен айырылысқанына күмәнмен қарауда. Ер адам бұл жайтты Reddit желісінде жария етіп көптен ақыл сұраған.

Ол желі қолданушыларынан өз баласына әке болып табылатынын тексеріп, тест тапсыру керек пе деген сұрақ қойды. Пікір қалдырушылардың дені бұл жайттан кейін жарының адалдығын бір тексерген артық етпейді деген тоқтамға келген.

Еске салсақ, бұған дейін Қытайды қалыңдығына оғаш сыйлық берген жігіттің үйлену тойы болмай қалғанын жазған едік. Қалыңдық ғашығының төстартқыш сыйлағанына бола қатты ашуланып, тойға келуден бас тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1894236-balasyna-berilgen-esimdi-zaktyrmagan-kesi-odan-bas-tartty/

pixel