Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әккі ұры көлікте баласын жалғыз қалдырған ананың өзіне ұрысып тастаған

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Американың Бивертон қаласының тұрғыны ішінде төрт жасар баласы отырған көлігін абайсызда ұрлатып алған деп жазады РИА Новости.

Басылымның жазуынша, келіншек супермаркетке бір-екі минутқа ғана кіріп шықпақ болып, ішінде төрт жасар баласы отырған көлігін ашық қалдырған.

Көліктің ашық қалғанын көрген ұры осы сәтті дереу пайдаланыпты. Ер адам автотұрақтан шығып кеткен кезде ғана баланы байқаған. Ол бүлдіршінді анасына қайтарып беруге шешім қабылдаған.

Полицияның айтуынша, тіпті күдікті жауапсыздық танытқан келіншекке ұрысып алған.

"Ол баланы автокөлікте қалдырғаны үшін анасына ұрысып, полиция шақырамын деп қорқытқан", - дейді офицерлердің бірі.

Ер адам баланы салоннан шығарып, өзі көлікті айдап кетіп қалыпты. Қазіргі уақытта күдіктіні полиция іздеп жатыр.

Еске сала кетсек, Ұлыбританияда ер адам баласына әйелі таңдаған есімді ұнатпай, жаңа туған нәрестесінен бас тарту туралы шешім қабылдағанын жазған едік.

Ер адам туу туралы куәліктегі "баланың есімі" бағанында әйелі таңдаған есім жазылғанын көріп, қатты ашуланған. Себебі, әйелі баласына бұрынғы сүйіктісінің есімін беруді ұйғарыпты.

Бұған қатты таң болған азамат баласының есімі өзгертілмеген жағдайда оның әкесі болудан бас тартатынын мәлімдеген.

Алайда азаматтық некедегі әйелі баласының есімін өзгертуге түбегейлі қарсы болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1894462-supermarketke-kirgen-jel-isinde-balasy-otyrgan-kligin-rlatyp-aldy/

pixel