Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қақаған аязда жалаңаштанып велосипед тепкен жігіт жұртты таңырқатты

Опубликовано:

Жігіт
Скриншот: Facenews

Украинаның Никополь қаласында ер адам күннің суығында жартылай жалаңаш күйде велосипед теуіп, жұрттың назарына ілікті деп жазады Facenews сайты.

Украинаның Днепропетровская облысы Никополь қаласында іш киім мен етігін ғана киіп шыққан азамат қыстың қақаған аязына қарамастан, велосипед тепкен.

Бұл жайтты видеоға түсіріп алған куәгерлер бейнежазбаны "Нікополь. City" атты Telegram-каналда жариялаған.

Видео авторларының айтуынша, жалаңаштанған азаматты, тіпті -15-ке дейін төмендеген ауа райы тоқтата қоймаған.

Видеоны көрген желі қолданушылары жігіттің әрекетін әзілге айналдырып, түрлі пікірлер жазған.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та қолы ашық ер адам шалбары болмай, тоңып тұрған үйсіз азаматқа өз шалбарын шешіп бергенін жазған болатынбыз

Бұл жайтты ер адамның әйелі видеоға түсіріп, желіде жариялаған. Видеоны көрген желі қолданушылары мейірімді азаматқа мақтаулары мен ақ тілектерін жарыса жазған.

Одан бөлек, Қытайда газ баллонынан өрт шыққан кезде лезде әрекет етіп, балаларын оқыс жағдайдан құтқарып қалған аналар желі қолданушыларының алғысына бөленгенін жазған едік.

Сонымен қатар сүрінсе де, еңсесін түсірмей мәреге бірінші жеткен қыз бала туралы жазған едік.

Конькимен жүгіру жарысына қатысқан сегіз жасар Ма Цзыхуэй дәл жарыс басталған сәтте абайсызда сүрініп қалады.

Десе де, бұған көңілін түсірмей жарысты жалғастырып, мәреге бірінші болып жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1894725-kakagan-aazda-zalaastanyp-velosiped-tepken-zigit-zrtty-tayrkatty/

pixel