Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дұрыс ұйықтамаудың қандай зардабы бар

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

АҚШ-тағы Огайо университетінің ғалымдары дұрыс ұйықтамаудың зардабы қалай болатынын анықтады. Бұл жайлы университет сайты хабарлады деп жазады Lenta.ru.

Университет қызметкерлерінің сөзінше, түнде дұрыс ұйықтамаған, ұйқысы қанбаған адам кейін бас ауруына шалдығады. Бас сақинасы жиі ұстайды.  

Олар Американың колледжі мен академияларында білім алып жатқан 31 мың спортшыны тексергеннен кейін осындай тұжырымға келген.

Дені сау спортшылардың көбі басы ауыратынын, жарыққа қарай алмай көзі ауыратынын айтқан. Бұл – ми зақымданғанда пайда болатын ауру белгілері.

Алайда спортшылар арасында ми зақымын алғандар аз. Ғалымдар тәжірибеге қатысқандардың жалпы белгілерін салыстырады. Осылайша, ең жиі кездескен себеп – ұйқының қанбауы болып табылған. 

Жоғарғы оқу орнының мамандарының пкірінше, түнде дұрыс ұйықтамаған адамның денсаулығы нашарлайды. 

"Денсаулығы нашарлап, күйзеліске және басқа ауруларға шалдығуы мүмкін", - дейді зерттеудің жетекші авторы, доцент Жаклин Каччезе.

Ал Казарян атындағы Эпилептология және неврология орталығының сомнолог-дәрігері Ирина Завалконың айтуынша, дұрыс ұйықтамаған адамның иммунитеті төмендеп, жұқпалы ауруларға төтеп бере алмайтын көрінеді. Түнде ұйықтамайтын адамдар жүрек-қан ауруларына жиі шалдығады, көңіл-күйі нашарлайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1895582-drys-jyktamaudy-kandaj-zardaby-bar/

pixel