Қайтыс болған әйелін кейінірек тірілтуді қалаған азамат оның денесін 50 жылға сақтап қойды
Жарияланған күні:
Қытай тұрғыны қайтыс болған әйелін кейінірек тірілтіп алу үшін оның денесін 50 жыл бойы сұйық азотта сақтап қоюды ұйғарған деп жазады "Главком" басылымы.
Ер адам өкпе қатерлі ісігіне шалдыққаннан кейін көз жұмған жарын болашақта тірілту үшін 50 жыл бойы оның денесін арнайы мұздатқышта сақтауды жөн санаған.
49 жастағы Чжан Вэньлянь 2017 жылы қатты ауырып, өлім аузында жатады. Оның күйеуі Гуй Цзюньминь криофриздеу технологиясы туралы біліп, қайтыс болғаннан кейін әйелдің денесін сұйық азотта сақтауға бел буады.
Ол мамандармен кеңесіп, әйелінің келісімін алады. Қатерлі ісіктен сөйлей алмайтын күйге түскен Чжан криофриздеуге келісетінін ымдап көрсеткен екен. Ол күйеуінің қолынан ұстау арқылы келісім бергенін аңдатқан.
"Әрине, ол келісті. Әйтпесе, ол менің қолымнан ұстамас еді", - дейді Гуй.
Чжан 2017 жылдың мамырында өмірден өткен. Дәрігерлер бірден оның денесін мұздатқышқа салған.
Әйелдің денесі ішінде сұйық азот бар резервуарға орналастырылған, оның температурасы -196 градусқа дейін жетеді.
Бүгінде Шаньдундағы Ғылыми-зерттеу институтында 13 пен 72 жас аралығындағы 10 адамның денесі тоңазытқышқа орналастырылған.
Еске салсақ, бұған дейін америкалық кәсіпкер өлгеннен кейін өмірдің бар-жоғын анықтау үшін байқау жариялағанын жазған едік.
Дәрігерлер мен ғалымдардан құралған қазылар алқасы жеңімпаздарды 1 қарашада анықтайды. Үздік шығарманың иесі 500 мың доллар алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1895641-kajtys-bolgan-jelin-kejinirek-tiriltudi-kalagan-azamat-mjitin-50-zylga-saktap-kojdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.