Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Словакияда коронавирусқа қарсы екпе салдырған ер адам қайтыс болды

Опубликовано:

екпе1
Көрнекі фото: pixabay.com

Словакияда созылмалы аурулары бар 79 жастағы ер адам коронавирусқа қарсы екпе салдырғаннан кейін қайтыс болды деп хабарлайды РИА Новости.

Дәрі-дәрмекті бақылау жөніндегі мемлекеттік институт өкілі Магдалена Юркемикованың айтуынша, созылмалы аурулары бар қарияның денсаулығы бірден нашарлауына вакцинадан кейінгі дене қызуының жоғарылауы мен әлсіздік себеп болған.

"Бұл жағдай соңғы уақыттарда Норвегия, Германия және басқа да елдерде болған жағдайларға ұқсас. Біз көптеген созылмалы ауруы бар егде жастағы науқас туралы айтып отырмыз. Денесін ашқаннан кейін ол (созылмалы аурулар - ред.) өлімге басты себеп болғаны анықталды.

Бұл науқастың жалпы жағдайының нашарлауына вакцинациядан кейінгі жағымсыз салдар - дене қызуы мен әлсіздік ықпал етті", - дейді Юркемикова.

Институт өкілінің айтуынша, созылмалы аурулары бар кез келген егде жастағы науқастарда вакцинациядан кейін денсаулығында өзгерістер болуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайлардың әрқайсысы жеке қарастырылуы керек.

Еске сала кетсек, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтқан болатын.

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирусқа қарсы вакцина міндетті әрі мәжбүрлі түрде болмайтынын мәлім етті.

Ведомствоның мәліметінше, елімізде вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1895840-slovakiada-koronaviruska-karsy-ekpe-saldyrgan-er-adam-kajtys-boldy/

pixel