Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Канадада кезегінен бұрын вакцина салдырған ерлі-зайыптылар сот алдында жауап бермек

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Канадада Британдық Колумбия провинциясынан Юкон аймағына кезегінен бұрын екпе алу үшін арнайы ұшып келген ерлі-зайыпты сот алдында жауап бермек деп хабарлайды РИА Новости.

Род Бейкер мен оның әйелі Екатерина Бейкер Юкон аймағына коронавирусқа қарсы Moderna вакцинасын салдыру үшін ерте келген.

Жұбайлар алғашқы болып вакцина алу мақсатында өздерін өмірді қатамасыз ету саласының қызметкерлері ретінде таныстырған.

Осы ретте Бейкерлер өңірге келетіндерге қойылған екі апталық карантин талабын да сақтамаған екен.

"Мен, Юконның барлық тұрғындары мұндай өзімшілдік әрекетке ашуландық. Біреу өз азаматтарының өміріне қауіп төндіруге дайын деген ой мені қорқытады", - дейді Юкон қоғамдық қызмет министрі Джон Страйкер.

Ереже бұзғандарға айыппұл салынған. Ерлі-зайыпты 4 мамырда сот алдында жауап береді. Олар алты айға түрмеге қамалуы мүмкін.

Род Бейкер Great Canadian Gaming компаниясының атқарушы директоры болған. Алайда жанжал туындап, қызметінен кеткен екен. Ал Екатерина Бейкер "Әйелдер төбелесі" және "Сантаға аңшылық" сынды фильмдерге түскен актриса.

Айта кетсек, Юконның тұрғындары вакцинаны алғашқы болып алуға құқылы. Өйткені ауруханалардың алыстығы мен пандемиямен күрес үшін қажетті ресурстардың жетіспеушілігінен мұндағы халық коронавирус жұқтыруға бейім деп есептеледі.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1896304-kanadada-kezeginen-bryn-vakcina-saldyrgan-erli-zajyptylar-sot-aldynda-zauap-bermek/

pixel