Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Британиялық штамның негізгі белгілері жарияланды

Опубликовано:

ПТР тестілеу
Көрнекі фото: Nicolas Economou/NurPhoto via Getty Images

Коронавирустың "британиялық" штамына қандай ауру белгілері тән екені анықталды деп хабарлайды ВВС.

Ұлыбританияның Ұлттық статистикалық басқармасы келтірген мәліметке сәйкес, коронавирустың жаңа штамына келесі белгілер тән: қатты шаршағыштық, тамақтың және бұлшықеттің ауыруы, жоғары температура, жақында пайда болған тұрақты жөтел және дәм сезімталдығының өзгеруі.

Алайда коронавирустың "қытайлық" нұсқасымен салыстырғанда, британиялық жаңа штамды жұқтырғандар иіс сезу қабылетін айтарлықтай қатты жоғалтпайды екен.

Десе де иіс пен дәм сезу қабылетінен айырылу да бұл жаңа штамның белгілерінің бірі болып қалуда.

Мұндай қорытындыға зерттеушілер Англияда кездейсоқ түрде таңдалған 6 мың науқастың мәліметтерін өңдегеннен кейін келіпті.

Зерттеуге қатысқан науқастардың бәрі коронавируспен ауырып шыққан.

Кент графтығында алғаш рет 2020 жылдың қыркүйегінде анықталған жаңа штамның таралу жылдамдығы, яғни жұқпалылығы әлдеқайда жоғары болып шыққан.

Вирус Ұлыбританияның барлық аймақтарында табылып, науқастар санының күрт өсуіне себеп болған еді. Ақыры билік елінде локдаун енгізіп, төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болған.

Еске салсақ, бұған дейін "британиялық штамм" әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Одан бөлек, Германия билігі де мүлде жаңа мутация туралы мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1896310-koronavirus-britanialyk-stamny-negizgi-belgileri-zarialandy/

pixel