Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин кезінде 40 келіге арықтаған жігіт құпиясын бөлісті

Опубликовано:

Фастфуд
Көрнекі фото: pixabay.com

Үндістандық 18 жасар Читранш Гупта 40 келіге қалай арықтағанын айтып берді деп хабарлайды Times of India.

Гупта артық салмағы болған кезде достары үнемі әзілдегінін жеткізді. Салдарынан өз-өзіне деген сенімі жоғала бастаған деп жазады Sputnik Қазақстан. Жігіт бұған дейін, негізінен, майлы тамақ жегенін де жасырмады. Алайда өткен жылдың шілде айында артық салмақтан арыламын деп шешіпті. Бірден жаттығу залына жазылған.

Қазір ол тұра сала бір стакан жылы су ішеді. Бұдан соң бір шыныаяқ қара кофе кезегі келеді. Алма жеп, жаттығу залына аттанады. Спортпен шұғылданған соң, үйіне келіп жұмыртқаның алты ақуызы мен бір сарысын жейді. Сүтке 50 грамм сұлы жармасынан ботқа пісіріп, жеміс-жидек пен жаңғақ қосады.

Жүрек жалғап алу үшін бір жеміс, бір тілім қара нан және бір қасық жержаңғақ майын қолданады. Түскі асқа сорпа, көкөністен әзірленген тағам, екі нан, 100 грамм ірімшік және салат жейді.

Ал кешке жұмыртқаның сегіз ақуызы мен бір сарысын және салат дайындайды.

Жігіт аптасына 6 рет жаттығуға баратынын айтты.

Айта кетейік, қазақстандық ғалым, PhD, "Болашақ" бағдарламасының түлегі Болат Сұлтанқұлов COVID-19 індетін жылдам анықтайтын тест құралын әзірледі. Бүгінде экспресс тест зертханалық сынақтан сәтті өтіп, ендігі уақытта клиникалық сынаудан өткізілетін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1896884-karantin-kezinde-40-kelige-aryktagan-zigit-kpiasyn-blisti/

pixel