Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

65 жастағы ақсақал бүгінде 116 баланың әкесі атанып отыр

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбританияда зейнетке шыққан математика пәнінің мұғалімі бүгінде 116 баланың әкесі атанып отыр деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасаған lenta.ru.

Англияның Дерби қаласының 65 жастағы тұрғыны Клайв Джонс донор болып қызмет етеді.

Өз әйелінен үш баласы бар егде жастағы азамат сегіз жыл ішінде донор болуының арқасында 116 баланың әкесі атаныпты.

Басылымның мәліметіне сәйкес, пандемияға байланысты енгізілген шектеулер мен елдегі клиникалардың жабылуы донорлардың жетіспеушілігіне алып келген.

Салдарынан интернетте және әлеуметтік желілерде түрлі қауымдастықтар пайда болып, онда ер адамдар шәует доноры ретінде өз қызметін ұсына бастапты.

Клайв та осындай қауымдастықтардың арқасында бірталай әйелге донор болғанын жасырмады. Зейнеткер клиникаларда донор болуға жасы 45-тен аспағандарға ғана рұқсат етілетініне қынжылуда.

Ол өзінің қызметі әлеуметтік желілерде күтпеген жерден жоғары сұранысқа ие болғанын алға тартты.

Ер адам мұны бала сүйгісі келетін әйелдерге көмектесу ниетімен жасап жүргенін айтады. Алайда оның бұл әрекетін жан жары құптай қоймаған. Салдарынан ол тіпті әйелімен ажырасып кеткен. Бірақ бұрынғы ерлі-зайыптылар достық қарым-қатынасын сақтап қалған.

Зейнеткер қызметі үшін әр әйелден 30 фунт стерлинг алады. Клайв донорлықтың арқасында дүниеге келген он баласымен танысып та көрген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1896892-65-zastagy-aksakal-bginde-116-balany-kesi-atanyp-otyr/

pixel