Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда жыл басынан бері алғаш рет бір тәулікте ешкім коронавирус жұқтырмаған

Опубликовано:

қытайлықтар
Көрнекі фото: www.osnmedia.ru

Қытайда 2021 жыл басталғалы алғаш рет бір тәулікте бір де бір адам коронавирус инфекциясын жұқтырмаған. Бұл туралы дүйсенбі күні ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік комитеті мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың мәліметінше, Қытайдың медицина мекемелерінде әлі вирус жұқтырған 277 науқас ем алып жатыр. Жалпы шет елден келген, инфекцияға шалдыққандар саны 4804-ке жетіп, оның 4527-і жазылып шыққан.

Статистика бойынша, ҚХР құрлық бөлігінде вирус жұқтырғандардың 93,58% жазылған. Инфекцияға шалдыққандар саны – 89,7 мыңнан асып, өлім көрсеткіші - 5,16% құрап отыр (4,6 мыңнан аса адам қайтыс болды).

Қазіргі күні инфекцияға шалдыққандармен тығыз байланыста болған 27,6 мың тұрғын медицина қызметкерлерінің бақылауында. Өткен тәулікте Қытай билігі еш белгісі жоқ 16 вирус тасымалдаушыны анықтады, оның 15-і шетелден келген.

Қытай үкіметі симптомсыз тасымалдаушыларды жалпы статистикаға қоспайды және бөлек бағанда көрсетеді. Жалпы 639 симптомсыз науқасты медицина қызметкерлері бақылап отыр, оның 291-і шетелден келген.

Еске сала кетсек, 2020 жылдың желтоқсанының екінші бөлігінде Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында, содан кейін Хэбэй, Хэйлунцзян, Цзилинь және Қытайдың солтүстік-шығысындағы басқа да аймақтарында COVID-19 ошақтары анықтала бастады.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, қыс кезінде елде жалпы 2071 жергілікті жұқтыру оқиғалары тіркелген. Қытай медицина сарапшыларының айтуынша, коронавирус жұқтыру оқиғаларының азаюына Қытай аймақтарында қабылданған қатаң санитария-эпидемиялогиялық шаралар және шетелден келген және тауар импорттайтын адамдарға қатысты ережелер себеп болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1897912-qytaida-zyl-basynan-beri-algas-ret-bir-taulikte-eskim-koronavirus-zuqtyrmagan/

pixel