Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшы әлеуметтік желіде аты-жөнді көрсету неліктен қауіпті екенін түсіндірді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Сарапшы әлеуметтік желіде тіркелгенде аты-жөнді жазу қауіпті екенін айтты. Оның сөзінше, интернеттен жеке дерегіңізді тапқан алаяқтар сізді бопсалап, ақша талап етуі мүмкін деп хабарлайды Прайм.

Gem4me мессенджерін әзірлеу тобының жетекшісі Ваге Закарян алаяқтар адамды жеке мәліметтер арқылы бопсалайтынын ескертті.

"Құмар ойындарға тәуелділік, ішімдікке салыну, көзге шөп салу –  осы және басқа да ақпараттарды қолға түсірген адамға ақша төлеуге мәжбүр болуыңыз мүмкін. Оның өзінде өмір бойы кіріптар болмай, бір рет төлеп құтылсаңыз, жолыңыздың болғаны", - дейді сарапшы.   

Ваге Закарян аты-жөнін жасырмайтын, өзінің дәулетімен мақтанатын, мысалы, қымбат курортта екенін айтатын да адамдар болатынын жеткізді.

"Бұл ұрыларға таптырмас ақпарат: жеке мәліметі бәріне белгілі бұл адам қазір басқа елдегі курортта демалып жатыр, демек оның үйіне түсетін уақыт келді деген сөз", - деді ол.

Бүгінде адамдар әлеуметтік желідегі ашықтық зиян келтіруі мүмкін екенін түсіне бастады, сондықтан желіде шын атымен тіркелуді азайтып, мессенджерлерде қарым-қатынас жасауға ауысып жатыр.

Закарянның сөзінше, қазіргі уақытта Батыста әлеуметтік желілерден толығымен бас тарту идеясы кең тараған: олар мұны бір нәрсеге тәуелділіктен арылған еркін адамның белгісі деп санайды.    

Еске сала кетсек, осыған дейін мамандар смартфон сатып аларда не нәрсеге мән беру керектігін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1898045-sarapsy-aleumettik-zelide-aty-zondi-korsetu-nelikten-qauipti-ekenin-tusindirdi/

pixel