Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарақанға ессіз ғашық болған жігіт өз махаббат хикаясын баяндады

Опубликовано:

Тарақан
Көрнекі сурет: bigpicture.ru

Жапонияда тұратын жас жігіт тарақанға ессіз ғашық болғанын жалпақ жұртқа жария етті. Ол өзінің оғаш махаббаты туралы көпшілікке әңгімелеп берді деп жазады lenta.ru.

Шинохараның ерекше кәсібі мен әуестігі

Юта Шинохара есімді жігіт кішкентай кезінен түрлі жәндіктерді ұнатып, оларды жеуге әуестенгенін жасырмайды. Жас жігіт бұл әуестігі туралы көпшілікке жария етуден ұялып келген екен. Сол себепті, құрт, шыбын, тарақан секілді жәндіктерді жұрттан тығылып жеп жүріпті.

Юта
Фото: bigpicture.ru

Алайда, 2013 жылы БҰҰ жәндіктердің тамақ көзі ретіндегі артықшылықтары туралы Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының есебін жария еткеннен кейін ол өз әуестігінен ұялуды қойғанын айтуда.

Юта
Фото: bigpicture.ru

Юта жәндіктерді жеуге әуестік пен қаржылық жағдайы арасында еш байланыс жоқтығын алға тартты. Ол өзінің кез келген тағам алып жеуге қауқарлы қалталы азамат екеніне сендірді.

Юта
Фото: bigpicture.ru

Бүгінде Юта өз мейрамханасын ашып, барлығына қоңыздар, тарақандар мен инеліктерден жасалған тағамдарын ұсынуда. Оның 100 шегірткеден әзірлейтін раменінен бүгінде 7 мыңнан астам адам дәм татып үлгерген.

Шинохараның ерекше махаббаты

Юта
Фото: bigpicture.ru

Шинохара Африкадан арнайы тапсырыспен алдыртқан "Лиза есімді тарақанмен бір жыл бойы кездесіп, араларында махаббат ұшқыны пайда болған кездерін" еске алды. Тарақанға құлай ғашық болған жігіт жәндікпен барлық бос уақытын бірге өткізіп, оны жан сырласына айналдырған екен. Алайда жәндіктің ғұмыры қысқа болғандықтан, олардың махаббаты ұзаққа созылмапты. Жігіт "тарақан жан тапсырған күні оны мәңгілік бірге болу мақсатында жеп қойғанын" айтуда.

Юта
Фото: bigpicture.ru

Шинохара елінде жәндіктерден жасалған тағамдардың саудасын өркендетуді мақсатына айналдырған.

Айта кетсек, аталмыш елде бүгінгі күннің өзінде тарақаннан жасалған өнімді сатып алуға болатын бірқатар арнайы мейрамханалар мен сауда автоматтары бар екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1898458-taraqanga-essiz-gasyq-bolgan-zigit-oz-maxabbat-xikayasyn-bayandady-foto/

pixel