Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырған әйелдің сүті жасыл болып кетті

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі фото: piqsels.com

Мексика тұрғыны Анна Кортес коронавируспен ауырғаннан кейін, оның сүті жасыл түсті болып кеткен деп хабарлайды Lenta.ru. 

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, медицина қызметкері әйелге бала емізуді тоқтатпауға кеңес берген.

COVID-19 жұқтырған Анна Кортес дәрігерге көрініп, сүті жасыл түсті болып кеткенін айтып шағымданады.

Маман емшек сүті түсінің өзгеруі оның құрамының ауысуымен байланысты екенін түсіндірді.

Оның айтуынша, әйелдің сүтінде антиденелер пайда болған.

Дегенмен Анна төрт айлық қызын емізуді тоқтатпаған. Кейіннен бала да коронавируспен ауырып шыққан. Алайда оның ауру ағымы жеңіл түрде өтіпті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1898827-koronavirus-zuqtyrgan-aieldin-suti-zasyl-bolyp-ketti/

pixel