Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күніне неше шыныаяқ кофе ішу керек: Маман кеңес берді

Опубликовано:

Кофе
Көрнекі фото: pixabay.com

Гастроэнтеролог дәрігер Нурия Дианованың айтуынша, күніне екі шыныаяқ кофеден артық ішуге болмайды деп хабарлайды RT.

Нурия Дианова мөлшерден көп ішу салдарынан тәуелділік пайда болуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ жүйке жүйесі біртіндеп жұқарады. Маман кофені тек тамақтан соң ішуге кеңес береді.

"Көптеген адам таңертең тұра сала кофе ішеді. Егер таңғы астан соң кофе ішсе, асқазан-ішек жолдарына күш түспейді. Ал тек кофе ішіп, тамақтанбаса, кейін салдары ауыр болады", - деді дәрігер.

Қыжыл болмауы үшін екінші шыныаяқ кофені де жүрек жалғап алған соң ішкен дұрыс. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, ұйықтаудан кем дегенде 6 сағат бұрын ішу керек.

Сонымен бірге маман кофені балалар мен жүкті әйелдерге ішпеуге кеңес берген. Одан бөлек, адамдарда семіру, диабет болмаса, онда күніне быр шыныаяқ кофе ішуге болады.

Еске сала кетсек, ресейлік дәрігер әрі атақты тележүргізуші Елена Малышева ұйқы сапасын нашарлататын өнімдерді атаған еді.

Тележүргізушінің айтуынша, ұйқының сапасын төмендететін өнімдер қатарына кофе кіреді.

"Біріншіден, кофе әлсіз психостимулятор, екіншіден, бұл күшті диуретик. Сіз ұйықтап қалған соң, 20 минуттан кейін қайта оянасыз, себебі дәретханаға барғыңыз келеді", — деп түсіндірді Малышева.

Ұйықтар алдында пайдалы тағам ретінде тележүргізуші айран, пісте, шие, күркетауық,  шпинат және күнжітті ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1898917-kunine-nese-synyayaq-kofe-isu-kerek-maman-kenes-berdi/

pixel