Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ата-анасы шот төлей алмаған соң дәрігер нәрестені баласыз жанұяға сатып жіберген

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Пәкістанда ата-анасы медициналық шотты төлей алмайтынын айтқан соң, дәрігер жаңа туған нәрестені сатып жіберген деп хабарлайды Lenta.ru.

Шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған басылымның жазуынша, жас әке қаражат жағынан қысылғанын жеткізген соң, жергілікті дәрігер баланы күшпен тартып алып, баласы жоқ жанұяға сатып жіберген.

Ал жастар сәбидің дүниеге келуіне қанша шығын кететінін білмеген көрінеді.

Дәрігер баласын сатып жібергенін білгеннен кейін жұбайлар полицияға жүгінген. Құқыққорғау қызметкерлері баланы заңды ата-анасына қайтарған, ал дәрігер қамауға алынған.

Дегенмен, ол көп ұзамай бостандыққа шыққан. Тіпті, аурухана басшылығы жастардан дәрігерге қарсы айып тақпауды сұраған.

Айта кетейік, бұған дейін ерекше шашпен дүниеге келген сәби туралы жазған едік.

Майя Азиз есімді нәресте дүниге келгенде оның алдыңғы шашы аппақ болған. Анасы Талитаның айтуынша, отбасында шаштың ақ болуы тұқым қуалайтын ерекшелік екен. Медицинада мұндай ерекшелік пиедбалдизм (piebaldism) деп аталады.

Майяны анасы 40 жасында босанған. Ол бүгінде үш жасар қызына жиі фотосессия ұйымдастырып отырады. Соның арқасында Майя желіде танымал болған. Оның ерекше шашы кімді болса да бей-жай қалдырмайтыны анық.

Сонымен қатар Қытайда бес айлық сәбиінің бетіне крем жаққан анасы оны ауыр халге түсіргенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1899191-dariger-ata-anasy-sot-tolei-almagan-son-naresteni-satyp-zibergen/

pixel